AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда эстрада жұлдыздары 500-ден астам көшет от...

Алматыда эстрада жұлдыздары 500-ден астам көшет отырғызды

Әлеумет 22.04.2024, 08:11 1,309
Алматыда эстрада жұлдыздары 500-ден астам көшет отырғызды
Сурет: Aлматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы —  Қазақстанның бетке ұстар қаласы болып қалуы қажет - Асанәлі Әшімов


Қазақстанның белгілі артистері Жұбаныш Жексен, Мақсат Базарбаев, Айжан Нұрмағамбетова, Абай Бегей, Қарагөз Сүлейменова, Алма Аманжолова, Марал Анарбек, Нұрмұхаммед Жақып, Ақбота-Нұр Сейтмағамбет, Индира Елемес, Ермек Меденов, Диана Исмаил, Нұрсұлтан Нұрбердиев, ALPHA тобы, Еркебұлан Дайыров, Жандос Айбасов және басқа да әншілер мен актерлар сенбілікке қатысып, тыңдармандарын қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениетті дамытуға атсалысып, насихаттауға шақырды, деп хабарлайды Almaty-akhamy.kz. 


Артистер «Таза Қазақстан» және «Алматы — біздің ортақ үйіміз» сияқты ауқымды әлеуметтік жобалардың идеологиялық құндылықтары әрқайсымыздың күнделікті өміріміздің бір бөлігі болуға тиіс екеніне сенімді. Олар осы науқандарды өткізу аясындағы экологиялық және шығармашылық жобалар қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті одан әрі оятуға, мүдделес жандарды біріктіруге және қаланың инфрақұрылымына жанашырлықпен қарау әдептерін қалыптастыруға көмектеседі дейді. 




«Су тасқыны салдарын жоюға байланысты соңғы оқиғалар әр адамға ой салғаны анық. Ең алдымен, біз барымызды бағалауға тиіспіз. Табиғи апат тек аумақтық тұрғыда бізді айналып өтті, десек те бұл оқиғалар көптеген адамның өміріне қатты әсер етті. Біз шынымен де тазалықты сақтап, баршаны табиғатты аялауға шақыруымыз керек. Шын мәнінде, көрінген жерде қоқыс тастамау, инфрақұрылымға зиян келтірмеу сынды қарапайым ережелерді қатаң сақтауымыз қажет», — деді ҚР еңбек сіңірген қайраткері, белгілі артист Жұбаныш Жексен. 



Өнер адамдары Абай және Алатау даңғылдарының қиылысында 300 алма және 200 қарағай отырғызуға қатысты, сондай-ақ Орталық мәдениет және демалыс саябағы маңында арық желісін тазалауға, қоқыс жәшіктері мен қоршауларды бояуға қатысты, «Сарыарқа» скверінің аумағында арық желісін тазалап, 50 көшет отырғызды. Сондай-ақ, эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Сейфуллин» скверінің аумағында 100 көшет отырғызылды. 




«Алматы – 1000 жылдық тарихы бар әдемі қала. Мен мұнда 17 жасымнан бері тұрамын, өзімді жергілікті алматылық сезінемін. Кез келген басқа қалада менің қысымым көтеріледі, ал үйге қайтқарда бірден қалыпқа келеді. Сүйікті Алматымызды таза ұстайық, ол Қазақстанның бетке ұстар қаласы болып қалуы қажет. Барлық әріптестерімді және жас талант иелерін белсенді болуға шақырамын», - деді Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов. 




Айта кетейік, «Алматы — біздің ортақ үйіміз» науқанын іске асыру аясында акциялар жалғасып жатыр. Толық ақпарат Almaty.kz сайтында.



https://www.instagram.com/reel/C53ujW8sRiU/?igsh=bThwaXhscTNoNmIx


https://www.instagram.com/reel/C58TNN8tBsT/?igsh=a2NxbXBzeWhkcjlu


https://www.instagram.com/reel/C5-TgVKi2hd/?igsh=bHQxNDU4YTBjNXln


https://www.instagram.com/reel/C58VGqyN0un/?igsh=MWY4ZzBmc2hicXk4OA==

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #эстрада жұлдыздары #көшет егу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);