AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда ескерткіштері мен мүсіндерін тазарту жұмы...

Алматыда ескерткіштері мен мүсіндерін тазарту жұмыстары жүргізіледі

Әлеумет 26.03.2025, 16:08 699 Bakyt
Алматыда ескерткіштері мен мүсіндерін тазарту жұмыстары жүргізіледі
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы мен қалалық «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында «Біздің қала – біздің мақтанышымыз» атты соңғы апта басталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұл кезең 24 наурыздан 1 сәуірге дейін жалғасады. Бастама аясында қаланы көркейту, тарихи-мәдени мұра нысандарының аумағын кешенді тазалау, сондай-ақ 160 қала ескерткіштері мен мүсіндерін тазарту жұмыстары жоспарланған.

«Қасбеттен қасбетке дейін» атты көше тазалау акциясы, жалғызбасты зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың аулаларын тазалауға бағытталған «Жақыныңа жәрдемдес» қайырымдылық шарасы және ағаш отырғызу бойынша жергілікті сенбіліктер жалғасуда.

Финалдық кезең аясында қала тұрғындарына арналған «Жасыл аула» көшеттер тарату акциясына өтінім қабылдау басталады. Көпқабатты үйлердің ауласы мен қоғамдық орындарды көгалдандыруды қалайтын кез келген адам тегін көшет ала алады. Толық ақпаратты www.almaty.kz сайтынан көруге болады.

Айта кетейік, «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны 1 наурыздан 1 сәуірге дейін өтуде. Осы уақыт ішінде Алматыда 4 мыңнан астам аула аумағын, 445 қалалық саябақ пен скверді, 2 мыңнан астам көшені тазалау, 600-ден астам заңсыз сауда нысанын сүру, 3 мыңнан астам қоқыс жәшігін орнату, 10 мыңнан астам ағаш пен бұта отырғызу жоспарланған.

Сонымен қатар, науқан аясында түрлі байқаулар мен бастамалар жүзеге асырылды. «Қоршауыңды/орындығыңды/беседкаңды боя» акциясы аясында 3 125 литр бояу таратылды.

«Үздік коммуналдық қызметкер» байқауының қорытындысы бойынша әр ауданнан 24 адам марапатталды. Жеңімпаздарға мынадай ақшалай сыйлықтар берілді: I орын – 150 000 теңге, II орын – 100 000 теңге, III орын – 50 000 теңге.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Ескерткіштер #Біздің қала – біздің мақтанышымыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);