AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда есірткі тиелген екі көлік тоқтатылды

Алматыда есірткі тиелген екі көлік тоқтатылды

Заң мен тəртіп 21.07.2022, 10:01 1,202
Алматыда есірткі тиелген екі көлік тоқтатылды
Сурет: Polisia.kz

Алматы полициясы есірткі тиелген екі көлікті тоқтатты.


Бірінші жағдайда есірткі қылмысына күдіктінің көлігін полиция қызметкерлері "Ақсай" ықшамауданында таңғы жетіде тоқтатты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 



«Бұл – Д. есімді азамат басқарған Daewoo Nexia көлігі. Жолаушы 27 жастағы ер адам. Көлікті тексеру барысында қара және көк түсті изолентамен оралған 39 полиэтилен байламы табылды және тәркіленді, оның ішінде өзіне тән иісі бар ақ түсті ұнтақ тәрізді зат болды. Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар синтетикалық мефедрон есірткісі екені анықталды. Жастар есірткі қоюшы ретінде қосымша табыс табатынын, тапсырыс танымал мессенджер арқылы қабылданатынын мойындады. Ұсталғандардың іс-әрекеттері тергеумен ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 5-тармағы бойынша сараланады. Олар тұтқындалды. Бұл есірткі қылмысы үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған», – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.



Медеу ауданында Оспанов көшесінің бойында полицияның арнайы жасағы тағы бір күдікті көлікті тоқтатты. Toyota Camry көлігін 32 жастағы К. есімді азамат басқарып келе жатқан.



«Көлікті тексеру барысында қара изолентамен оралған 4 полиэтилен байламы табылды және тәркіленді, оның ішінде өзіне тән иісі бар ақ түсті ұнтақ тәрізді зат болды. Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар аса ірі салмақтағы синтетикалық мефедрон есірткі заты болып шықты. Ер адамның есірткіні қандай мақсатта сақтағанын және тасымалдағанын тергеу анықтайтын болады. Бәлкім, ол шөпті сатып, одан ақша тапқан болуы да мүмкін», – деді Е. Әлмағамбетов.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#Есірткі тиелген #көлік #оқиға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);