ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда есірткі тасымалының жолы кесілді

Алматыда есірткі тасымалының жолы кесілді

Заң мен тəртіп 11.08.2022, 08:21 1,075
Алматыда есірткі тасымалының жолы кесілді
Сурет: Inform.kz
Қылмыскерлер есірткіні тіпті балалар тамағына арналған ыдыспен тасымалдауға тырысқан.

Қылмыскерлер есірткіні тіпті балалар тамағына арналған ыдыспен тасымалдауға тырысқан.


Жалпы салмағы 24 келіге жуық есірткі заттары тәркіленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Барлық бұзушылықтар халықаралық сәлемдемелерде анықталған. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.


Тек 2022 жылдың басынан бастап Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Жетісу» кеден бекетінің қызметкерлері Алматы қаласының Әуе көлігі прокуратурасының үйлестіруімен есірткі заттарын жеткізудің 23 әрекетінің жолын кесті. Өткен 2021 жылы есірткі заттарын Қазақстанға әкелудің 14 фактісінің жолы кесілген.


Өткен жылы да, ағымдағы жылы да негізінен есірткі заттарын АҚШ, Канада және Нидерландыдан әкелуге тырысты. Ұсталған есірткі құралдарының 69,6%-ы АҚШ-тан әкелінгені байқалады.


Ағымдағы жылдың 7 айында есірткі ұстаудың 23 фактісі анықталды, оның ішінде 16 «марихуананы» әкелу фактісі, 2 «гашишті» әкелу фактісі, 1 «MDMA (экстази) және кокаин» есірткі құралдары анықталғанын атап өткен жөн.


Қаскүнемдер есірткіні жеткізудің күрделі әдістерін қолдануда. Тұрмыстық техникада, ойыншықтарда, балалар тамағына арналған ыдыстарда және басқа да заттарда есірткі құралдарын әкелу әрекеттері жүзеге асырылған.


Соңғы жағдайды мысалға келтірсек, 2022 жылдың тамыз айында «Жетісу» кеден бекетінде халықаралық почта жөнелтілімдері учаскесінде «Rapiscan» кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдану жолымен сәлемдемеге кедендік бақылау жүргізу кезінде есірткі заттарына күдікті сәлемдеме ұсталды. Сәлемдеме Одессадан Алматыға бағытталған. «TruNarc» портативті анализаторының мәліметтері бойынша, 200 «MDMA» таблеткалары мен 5 грамм ұнтақ мөлшеріндегі есірткі заттар «Экстази» және «Кокаин» болып табылады, олар балалар тамағының ішінде жасырылған.


Барлық материалдар процессуалдық шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау органдарына берілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.