Алматыда 8 келі синтетикалық «метамфетамин» затын алу кезінде Қазақстан азаматы ұсталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті шет мемлекеттің құзыретті органдарымен бірлесе халықаралық есірткіге қарсы операцияны жүзеге асырды.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Сот санкциясымен ұсталған адамға қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды.
Өзге ақпарат жария етуге жатпайды.