ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда есірткі бизнесімен күрес жөнінде кешенді...

Алматыда есірткі бизнесімен күрес жөнінде кешенді жоспардың жобасы таныстырылды

Заң мен тəртіп 01.12.2022, 09:05 1,308
Алматыда есірткі бизнесімен күрес жөнінде кешенді жоспардың жобасы таныстырылды
Сурет: Inform.kz
Алматыда Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығында 2023-2025 жылдарға...

Алматыда Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығында 2023-2025 жылдарға арналған есірткі және есірткімен күрес жөніндегі кешенді жоспар жобасы таныстырылды.


Іс-шараға мемлекеттердің құзыретті органдарының басшылары мен сарапшылары және ОАӨАҮК бақылаушылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Есірткілердің, әсіресе, олардың синтетикалық түрлерінің таралу проблемасы бүкіл әлемдік қоғамдастық үшін жаһандық қауіп төндіреді. Есірткінің заңсыз айналымымен күрес – аса өзекті және стратегиялық міндет»,- деді ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің басшысы, полиция полковнигі Қажығали Имажанов.



Сонымен қатар, ол таныстырылым барысында негізгі бағыттарды атап өтті.



«Біріншіден, нашақорлықтың алдын алу, емдеу, нашақорларды есепке алу, оңалту және қайта әлеуметтендіру жүйесін дамыту. Тағы бір міндет – электронды төлем жүйелері, дроп карталары, криптовалюталар және басқа да қаржы құралдары арқылы заңсыз есірткі айналымын тоқтату. Сондай-ақ, Қазақстандағы ең танымал интернет-платформалардың өкілдіктерінің кеңеюі интернет-ресурстарды есірткінің заңсыз айналымына пайдалануды шектейді. Жоспардың бір бағыты – сот-сараптама қызметін, синтетикалық есірткі және олардың прекурсорларын зерттеу әдістерін жетілдіру»,- деді ол.



Спикердің сөзінше, ұсынылған жоспарда зиянды зат «синтетика» және күшті әсер ететін басқа да заттардың заңсыз айналымы үшін жауапкершілікті күшейту қарастырылған.


Мемлекеттік есірткі саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыруда ІІМ-нің үйлестіруші рөлін күшейту - осы жоспардың бір тармағы.



«Есірткі бизнесі саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың кеңеюі барлық дерлік шетелдіктермен және халықаралық ұйымдармен көп векторлы өзара әрекеттесуге әсер етеді»,- деді ол.



Еске салайық, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында есірткі мәселесін шешуге жалпыұлттық сипат бере отырып, кешенді жоспар әзірлеуді тапсырған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,259 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.