AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Есентай өзенінің жағалауының аумағы көрке...

Алматыда Есентай өзенінің жағалауының аумағы көркейтіледі

Барлығы 17.06.2025, 15:21 1,030
Алматыда Есентай өзенінің жағалауының аумағы көркейтіледі
Алматы әкімдігі

Алматыда әл-Фараби даңғылынан Рысқұлов даңғылына дейінгі Есентай өзені бойындағы аумақты көріктендіру, оның ішінде жағалауды көркейту бойынша жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленіп жатыр. Құжат 2025 жылы шілдеде мемлекеттік сараптамадан өтпек. 

Жоба бойынша 43,2 гектар аумақ көркейтіледі, қазірдің өзінде жалпы ұзындығы 7,22 шақырымдық аймақ көріктендірілген. Жобаның мақсаты - заманауи, ыңғайлы әрі үйлесімді демалыс аймағын құру әрі суға шомылып, жағалау бойымен еркін тыныстау. Түрленген жағалау тұрғындар мен қонақтар үшін табиғи және қалалық ландшафттың бір бөлігіне әрі тартымды демалыс орнына айналады.

Жобаның негізгі ерекшеліктерінің бірі - функционалды аймақтарға бөлу. Яғни, өзен бойымен жеті бірегей кеңістікті құру жоспарланған, олардың әрқайсысының өзіндік тұжырымдамасы болады:
* әл-Фараби даңғылынан Тимирязев көшесіне дейінгі жастар аймағы.
* Тимирязев көшесінен Бұқар жырау бульварына дейін студенттік аймақ
* Бұқар Жырау бульварынан Абай көшесіне дейін белсенді аймақ.
* Абай көшесінен Құрманғазы көшесіне дейін мәдени аймақ.
* Құрманғазы көшесінен Жамбыл көшесіне дейін тартымды демалыс аймағы.
* Жамбыл көшесінен Қарасай батыр көшесіне дейін тағы да жастар аймағы.
* Қарасай батыр көшесінен Рысқұлов даңғылына дейінгі тартымды демалыс аймағы.

Жоба аясында белсенді демалыс орындары мен спорттық іс-шаралардан бастап, еркін серуендейтін, кездесулер мен мәдени іс-шаралар өткізетін түрлі қоғамдық кеңістіктер құру жоспарланып отыр. 

Жобаның орындалу барысы алдағы уақытта тағы да хабарланады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Есентай #өзен #Аббаттандыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);