AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Ерменсай тұрғындарын сумен қамтамасыз ету...

Алматыда Ерменсай тұрғындарын сумен қамтамасыз ету үшін су жинағыш салынады

Әлеумет 16.05.2025, 11:16 758 Bakyt
Алматыда Ерменсай тұрғындарын сумен қамтамасыз ету үшін су жинағыш салынады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда Ерболат Досаевтың тапсырмасымен маусым айында ауқымды инфрақұрылымдық жобаның құрылысы басталады

 

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша биылғы жылдың маусым айында Бостандық ауданының Ерменсай шағын ауданында «Ерменсай» су жинағыш құрылғысының құрылысы басталады. Бұл туралы Алматының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы хабарлады.

Жаңа нысанның өнімділігі тәулігіне 9 мың текше метр су. Жоба аясында тарату желілерінің құрылысы да көзделген. Бұл 2026 жылдың соңына дейін Ерменсай және Нұрлытау шағын аудандарының 25 мыңнан астам тұрғынын сапалы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, осылайша бұл аймақтағы көп жылдан бергі су тапшылығы мәселесі шешіледі.

Тарихи тұрғыдан алғанда Бостандық ауданының оңтүстік бөлігі, соның ішінде Ерменсай, «Алматы Су» мемлекеттік кәсіпорнының қызмет көрсету аймағына кірмеген. Сумен жабдықтаумен жеке компаниялар – «Водснаб» ЖШС (бұрынғы «Орхан»), «Ерменсайводгаз» ЖШС және «Баур ЛТД» ЖШС айналысып келген. Алайда тұрғындар бұл ұйымдардың қызмет сапасының төмендігі мен тарифтердің жоғары болуына байланысты ұзақ жыл бойы негізді шағым айтып келеді.

Қазіргі уақытта «Водснаб» ЖШС-пен сот процестері жалғасып жатқанымен, әкімдік жағдайды түбегейлі жақсарту және сот шешімдерін күтпей-ақ тұрғындарды үздіксіз сумен қамтамасыз ету үшін нақты басқарушылық шешім қабылдады.

Жобаның негізгі кезеңдерінің бірі – әл-Фараби даңғылынан Арайлы көшесінің бойымен өтетін жаңа магистральды реверсивті су құбырының құрылысы болды. Құбыр тарту жұмыстары аяқталғаннан кейін Бостандық ауданы әкімінің аппараты тарату желілерін салады. Бұл көше бойында орналасқан тұрғын үйлер мен жеке секторды орталықтандырылған сумен жабдықтауға жылдам қосуға мүмкіндік береді.

Келешекте бұл магистральды су құбыры жобаланған «Нұрлытау» су дайындау станциясымен қосылады. Мұндай инженерлік шешім Бостандық ауданының оңтүстік бөлігіндегі сумен жабдықтау жүйесінің сенімділігі мен тұрақтылығын едәуір арттырады әрі қала инфрақұрылымының тұрақты дамуына құқықтық және техникалық негіз қалыптастырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Нұрлытау #жоба #су жинағыш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);