AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматыда еркін күрестен ауқымды турнир өтті

Алматыда еркін күрестен ауқымды турнир өтті

Спорт 20.07.2026, 16:40 361
Алматыда еркін күрестен ауқымды турнир өтті
Алматы күрес федерациясы

Алматы қаласында еркін күрестен «Almaty Open Seniors» турнирінің екінші кезеңі мәресіне жетті. Жарысқа Қазақстанның әр өңірінен келген 13 команданың құрамындағы 83 спортшы қатысты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі beksports.kz-ке сілтеме жасап.

Тартысты белдесулердің қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Алматы қаласының құрамасы иеленді. Екінші орын Алматы облысының балуандарына бұйырса, үздік үштікті Жетісу облысының командасы түйіндеді.

Турнир алты олимпиадалық салмақ дәрежесі бойынша өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер лиганың жалпы рейтингіне маңызды ұпайлар еншілеп, келесі кезең алдындағы өз позицияларын нығайтты.

Турнирдің негізін қалаушы Ерлан Малаевтың айтуынша, бұл жоба еркін күресін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.

«Екінші кезең жарыстың деңгейі айтарлықтай өскенін көрсетті. География кеңейіп, қатысушылар саны артып келеді. Ең бастысы — балуандардың күреске деген қызығушылығы жоғары. Біз бұл жоба арқылы олардың спорттан қол үзбеуіне, жастарға үлгі болуына және еркін күресті одан әрі насихаттауға мүмкіндік жасап отырмыз. Алда тағы бірнеше кезең бар. Финалдық бәсеке одан да тартысты өтетініне сенімдімін», - деді турнирдің негізін қалаушы Ерлан Малаев.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Almaty Open Seniors» — еркін күресті жүйелі түрде дамытуға бағытталған бірегей жоба. Лига аясындағы кезеңдік жарыстар спортшыларға тұрақты түрде бақ сынап, маусым қорытындысы бойынша үздіктерді анықтауға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);