ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Алматыда эпидемиологиялық ахуал нашарлауда

Алматыда эпидемиологиялық ахуал нашарлауда

Медицина 02.08.2021, 13:49 1,713
Алматыда эпидемиологиялық ахуал нашарлауда
almaty-akshamy.kz
Мегаполисте коронавирус жұқтырғандардың күнделікті тіркеуі 1500 жағдайдан асты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында Алматы қаласы...

  Мегаполисте коронавирус жұқтырғандардың күнделікті тіркеуі 1500 жағдайдан асты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлімдеді.



Ә. Қалықованың айтуынша, шілдеде жұқтырғандар саны 25 500-ден асқан, жыл басынан бері Алматыда 81 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. Соңғы төрт күнде 6 266 жұқтыру жағдайы тіркелді.


Алматы эпидемиологтары тамыз айында КВИ инфекциясының 34,5 мың жағдайын, қыркүйекте 4,5 мың жағдайға дейін төмендеуін болжап отыр.



«Бір апта ішінде Алматыда КВИ ауруын тіркеу 1,5 есеге өсті – 6 397-ден 9 852 жағдайға дейін, күнделікті өсім 1,7% құрады. Өткен аптаға қарағанда симптомды науқастар үлесінің артуы 90%-дан 92%-ға өсті», - деді Әсел Қалықова.



СЭБД басшысының орынбасарының айтуынша, жұқтырғандар санының өсуін тоқтату үшін қалада вакциналау қарқынын арттыру қажет.



«Бүгін біз жастар арасында дерттің асқынғанын және аурудың ауыр түрін тіркеудеміз. Бұл вирустың жаңа, жұқпалы штамдарына байланысты. Инфекция тез таралады және жиі ауыр асқынуларға әкеледі. Оның таралуын тоқтатудың, тұрғындардың денсаулығы мен өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы – коронавирусқа қарсы вакцинация», - деп жалғастырды сөзін Ә. Қалықова.



Еске салсақ, қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет және спорт нысандарында, базарларда және қаланың сауда ойын-сауық орталығында 167 екпе пункті бар. 1038 адамнан тұратын 234 екпе бригадасы жұмылдырылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.