Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Energo University қолданбалы ғылымдар уни...

Алматыда Energo University қолданбалы ғылымдар университетінің филиалы ашылды

Әлеумет 19.09.2024, 11:54 1,674
Алматыда Energo University қолданбалы ғылымдар университетінің филиалы ашылды
Сурет: Gov.kz

АЛМАТЫДА ENERGO UNIVERSITY-ДЕ АНХАЛЬТ ҚОЛДАНБАЛЫ ҒЫЛЫМДАР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ФИЛИАЛЫ АШЫЛДЫ

18 қыркүйекте Алматыда Energo University (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) базасында Анхальт қолданбалы ғылымдар университетінің филиалының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz 

Іс-шараға Германияның Алматыдағы Бас консулы Маттиас Кислер, Анхальт университетінің президенті Йорг Багдан, Energo University ректоры Ғани Нығыметов, Анхальт университетінің Алматыдағы филиалының директоры Эдуард Сименс және Германия ғылым қорының өкілдері қатысты.

Анхальт қолданбалы ғылымдар университеті Қазақстанда неміс білім беру бағдарламалары бойынша оқытатын және неміс үлгісіндегі дипломдар беретін алғашқы неміс жоғары оқу орны болды. Жаңа филиалда оқыту ағылшын тілінде келесі мамандықтар бойынша жүргізіледі: жаңартылатын энергия, жүйелік инженерия, биотехникалық және медициналық жүйелер мен аппараттар, энергетикалық саясат және халықаралық сауда.

Алғашқы 30 студент биылғы жылы мемлекеттік гранттар мен ақылы негізде оқуды бастайды деп жоспарлануда. Жақын арада гранттық қаржыландырудың көбеюі күтілуде, бұл қазақстандық студенттердің көбірек санына сапалы инженерлік білім алып, екі бірдей диплом – отандық және еуропалық үлгідегі дипломдарды алуына мүмкіндік береді.

Филиалда оқу барысында студенттерге неміс тілінен қарқынды курстар өткізіледі, бұл оларға оқудың бір бөлігін және өндірістік тәжірибені Германияда өтуге мүмкіндік береді.

«Филиалдың түлектері Қазақстанда да, Германия мен басқа да еуропалық елдерде де кәсіби қызметін жүзеге асыру үшін кең мүмкіндіктерге ие болады», - деп атап өтті Анхальт университетінің президенті Йорг Багдан.

Бастапқыда филиалда оқытуды неміс оқытушылары жүргізеді. Біліктілікті кешенді арттыру бағдарламасынан кейін қазақстандық әріптестері біртіндеп оқытуды өз қолдарына алады. Energo University-дің алғашқы бес оқытушысы қазірдің өзінде Анхальт университетінде тағылымдамадан өтуде. Келесі жылдың сәуір айында тағы он оқытушы Германияға бір жылдық біліктілікті арттыру курсына баруды жоспарлап отыр.

«Біздің университет пен Анхальт қолданбалы ғылымдар университетінің арасында ұзақ уақыттан бері серіктестік қатынастар бар. Филиал ашылғанға дейін біз бірлесіп бес қос дипломды бағдарламаны сәтті әзірлеп, іске қостық. Бүгінгі оқиға осы қатынастардың заңды жалғасы болды. Германияның жетекші техникалық университеттерінің бірімен серіктестік еліміздің экономикасы үшін сапалы мамандарды даярлауға, сондай-ақ олардың жаһандық нарықта бәсекеге қабілетті болуына ықпал етеді деп сенеміз», - деп атап өтті Energo University ректоры Ғани Нығыметов.

Бұған дейін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек атап өткендей: «Анхальт университеті энергетика және телекоммуникация саласындағы сарапшы ретінде Қазақстанда ашылып жатқан шетелдік жоғары оқу орындарының жалпы тобында маңызды рөл атқарады. Біз бұл неміс университетінің өнеркәсіптік компаниялармен ынтымақтастық орнату тәжірибесін саналы түрде пайдаланғымыз келеді және сол арқылы оларды да Қазақстанға тартып, сала көшбасшыларын біріктіруді көздейміз».

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қолданбалы ғылымдар #филиал
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.