AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда ең үздік студенттік топ анықталды

Алматыда ең үздік студенттік топ анықталды

Әлеумет 18.11.2024, 16:56 1,270
Алматыда ең үздік студенттік топ анықталды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда 17 қараша – Халықаралық студенттер күніне орай Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен ALMATY STUDENT WEEK апталығы аясында «Ең үздік студенттік топ - 2024» байқауының финалдық кезеңі өтті.

Байқау Алматыдағы ЖОО және колледж студенттерінің басын бір ортаға біріктірді. Байқауға қатысу үшін 30-дан аса өтінім келіп түсті. Сайысқа жалпы Алматының 300-ден астам студент жастары қатысуға ниет білдірді.

Байқау шарты бойынша алғашқы кезеңде студенттік топтар портфолио жинап, топ жетістіктері мен сабақ үлгерімдері бойынша бағаланды. Финалдық кезеңде студенттік топтар өз оқу орны мен мамандықтарын таныстырып, әлеуметтік жобаларын қорғады. Финалдық кезеңге үздік деп танылған 17 топ қатысты.

Байқау қорытындасы бойынша Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің «BusinessLAB» студенттік тобы қаланың «Ең үздік студенттік тобы» болып танылды. Ал II орынды Қазақ ұлтық аграрлық университетінің «DreamTeams» студенттік тобы, III орынды Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Histrue» студенттік тобы иеленді. Жеңімпаздар дипломдар мен ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Алматы қаласы Жастарды әлеуметтендіру және жастар бастамаларын қолдау бөлімінің басшысы Бекқайыров Нұрсұлтан Болатұлы «Ең үздік студенттік топ» байқауының деңгейінің өсіп жатқанын айтып, барша қатысушылар мен кеш қонақтарына өз алғысын білдірді

«Құрметті, жастар! Сіздерді халықаралық студенттер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Алматы қаласында өткізіп жатқан студенттік кездеріңіз әрдайым естеріңізде қалатындай қызықты әрі пайдалы, сапалы болуына Жастар саясаты басқармасы жұмыс жасап жатырмыз. Халықаралық студенттер күніне арналған «Almaty student`s week» апталығы аясында ұйымдастырылған «Ең үздік студенттік топ» жобасы ең үлкен шаралардың бірі. Бүгінгі іс-шарада жеңіске жеткен барлық топтарды шын жүректен құттықтаймыз!»

Екінші жыл қатарынан өткізіліп жатқан бұл дәстүрлі шара қаламыздың талантты және білімді студент жастарын анықтауға үлкен мүмкіндік беруде. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, бұл сайыс келесі жылы да жалғасын таппақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жастар #жастар саясаты
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);