Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда электросамокаттардың тұрақтары үшін жол б...

Алматыда электросамокаттардың тұрақтары үшін жол белгілері жасалуда

Әлеумет 16.08.2022, 10:14 1,117
Алматыда электросамокаттардың тұрақтары үшін жол белгілері жасалуда
Суреттерді түсірген - Д.Исаев
Алматы көшелерінде жеке мобильді көліктер, оның ішінде электросамокаттардың тұрақтары үшін арнайы жол белгілері жасалуда. Аталған шара қала әкімдігі мен кикшерингтік сервистердің арасында жасалған...

Алматы көшелерінде жеке мобильді көліктер, оның ішінде электросамокаттардың тұрақтары үшін арнайы жол белгілері жасалуда. Аталған шара қала әкімдігі мен кикшерингтік сервистердің арасында жасалған қолданыстағы меморандум аясында жүзеге асуда, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Бірінші кезеңде белгілер Достық, Абай, Назарбаев даңғылдары, Гоголь көшесінің бойына жасалуда. Кейін қаланың жүктемесі мейілінше жоғары бөліктерін қамту жоспарлануда. Жыл соңына дейін қала бойынша 500 тұрақ жасалатын болады.



Тұрақ аумақтары ақ түсті бояумен самокат кескіні арқылы белгіленеді. Тұрақ алаңы шамамен 4 шаршы метрді құрайды, оған 10-ға жуық жалдамалы самокат қоюға болады. Арнайы белгілердің жасалуы қала тұрғындарына жалдамалы самокаттарды жаяу жүргіншілер мен көліктерге кедергі келтірмейтін орындарға қалдыруға мүмкіндік береді.




Еске салсақ, қала әкімдігі мен самокаттарды жалға беру қызметін ұсынатын сервистер операторлары арасында өзара түсіністік пен серіктестік туралы меморандумға қол қойылған болатын. Құжат жеке қозғалыс құралдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, апатты жағдайлардың алдын алуға бағытталған. Қазіргі кезде Алматыда 15 мыңға жуық электросамокаттар жалға беріледі және күніне 100 мыңға жуық қозғалыс жасауға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,465 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,271 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,358 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,995 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,192 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.