AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда электр самокаттарымен болатын жол апаттар...

Алматыда электр самокаттарымен болатын жол апаттары 4 есеге көбейді

Әлеумет 23.08.2022, 08:40 1,230
Алматыда электр самокаттарымен болатын жол апаттары 4 есеге көбейді
Сурет: Ilovealmaty.kz

Алматыда жаз айларында электр самокаттарына қатысты жол-көлік оқиғасы 4 есеге артты.


Бұл туралы баспасөз мәслихатында қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Спикердің сөзінше, Алматыда микромобильді көлік құралдарын пайдалану бойынша күрделі жағдай қалыптасты.



«Жасыратыны жоқ, қала тұрғындары микромобильді көлікте жол жүру ережелерін жиі бұзады, жаяу жүргіншілерге және жол жүрісіне басқа да қатысушыларға қолайсыздық туғызады. Статистика мәліметі бойынша, жаз басталғалы аталған көліктермен болған жол апаты 4 есеге көбейді, - деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі.



Салтанат Әзірбектің айтуынша, жол апаттарының денінде самокат немесе мопедтерді кәмелетке толмаған жасөспірімдер басқарады.


Қазір электр самокаттарының көлік құралы ретіндегі статусын реттейтін стандарт әзірленді.



«Жол жүрісі туралы» заңға өзгерістер енгізу көзделген, онда электр самокаттарын басқаратын адамдардың құқықтары да, міндеттері де нақты жазылатын болады. Соның салдарынан өзгерістер Жол қозғалысы ережелері мен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қатысты болады. Бұл – уақыт талабы. Бұл нормалар жол қозғалысына қатысушылар қауіпсіздігінің кепілі болады»,- деп атап өтті С. Әзірбек.



Электр самокаттарын жалға беру қызметін ұсынатын компанияның сыртқы байланыстар бөлімінің басшысы Даниил Капцаның сөзінше, самокат – қауіпсіз. Алайда, жауапсыз жүргізу – қауіпті.



«Талапты бұзатын бірініш жағдай – бір самокатта екі адамның қозғалуы. Бұл өте қауіпті, өйткені іс жүзінде екі жолаушы, олардың жалпы салмағына қарамастан, самокаттың тұрақтылығы мен басқарылуын едәуір төмендетеді, апат ықтималдығын арттырады. Сондықтан қызмет көрсету ережелерінде мұндай сапарларға тыйым салынады, айыппұл қарастырылған.


Екінші жағдай – жаяу жүргіншілер өткелінен өту. Самокаттармен болатын жазатайым оқиғалардың көпшілігі тротуарлар мен автомобиль жолдарының қиылысында орын алады: әзірге барлық автокөлік жүргізушілері жаяу жүргіншілер өткелінде самокаттардың кенеттен пайда болуына дағдыланбаған, бұл көбінесе жазатайым оқиғаларға әкеледі. Қауіпсіздік мақсатында әрбір адам жаяу жүргіншілер мен автомобиль жолдарының қиылысында самокаттан түсу керек.


Талапты бұзатын үшінші жағдай – самокатқа балалардың мінуі», - деді ол.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Электр самокаттар #Алматы #жол апаттары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);