Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда электр самокаттардың жылдамдығы шектелді...

Алматыда электр самокаттардың жылдамдығы шектелді және оларды жалға алу ережелерін өзгертті

Әлеумет 15.07.2022, 13:17 1,167
Алматыда электр самокаттардың жылдамдығы шектелді және оларды жалға алу ережелерін өзгертті
сурет: Әкімдік

Жылдамдық  және жалға алу жасы шектелді


Қала тұрғындарының электр самокаттарының реттелмейтін қозғалысы мен оларды пайдаланудың, соның ішінде тұраққа қоюдың нақты ережелерінің жоқтығына қатысты көптеген шағымдарына байланысты Алматы әкімдігі электр самокаттарын жалға беру сервистерінің қызметін реттеу жөнінде бастама көтерді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.
Нәтижесінде Алматы электр самокаттарын жалға алу нарығының 100%-ын алатын 4 ірі компанияның өкілдерімен кездесулер өтті. Талқылау барысында қала тұрғындарының мүддесі үшін Алматыда жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты меморандум жасалды.
Меморандумға сәйкес, қалада электр самокаттардың жылдамдығы қосымшалардың көмегімен 25 км/сағ дейін шектеледі, жасқа қатысты талаптар күшейтіледі – электр самокаттарды тек 16 жастан асқан адамдар ғана жалға ала алады.
Операторлар электр самокаттардың метро кіреберістерінің, қоғамдық ғимараттардың жанында, газондарда, қозғалыс және жаяу жүргіншілер бөліктерінде тікелей жақын болмауын қадағалайтын болады. Сондай-ақ, қалада арнайы автотұрақтар жасалады. Келесі жылдың соңына дейін қалада 3000 тұрақ орнын жабдықтау жоспарлануда.
Жаңа ережелер меморандумға қол қойылған сәттен бастап бір ай ішінде – ағымдағы жылдың 15 тамызына дейін күшіне енеді.
Еске салсақ, самокаттарды жалға беру қызметі Алматыда 2018 жылдан бастап қолға алынды. Қазіргі уақытта нарықта 15 мың электр самокатын жалға беретін 4 компания (Sym, Jet, Eleven, Whoosh) жұмыс істейді. Бүгінгі таңда қалада күн сайын электр самокаттармен 100 мыңға жуық жол қозғалысы жасалады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Электр самокат #жылдамды #жалға алу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44

Алматыда Халықаралық журналистика бойынша қысқы мектеп өтіп жатыр

Бүгін 11:42

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.