ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Сайлау-2023 / Алматыда «Ел ертеңі» ұйымы сайлау барысын бақылайд...

Алматыда «Ел ертеңі» ұйымы сайлау барысын бақылайды

Сайлау-2023 19.10.2022, 13:28 1,375
Алматыда «Ел ертеңі» ұйымы сайлау барысын бақылайды
almaty-akshamy.kz
«Ел ертеңі» қоғамдық қорының өкілдері өздерінің баспасөз конференциясында жастарды сайлау үрдісіне белсене қатысуға шақырды.

«Ел ертеңі» қоғамдық қорының өкілдері өздерінің баспасөз конференциясында жастарды сайлау үрдісіне белсене қатысуға шақырды.


Брифинг спикерлері – саясаттанушы, тарихшы Талғат Жанысбай, блогер және саяси белсенді Азамат Жолданбаев пен журналист әрі аудармашы Анастасия Ульченко штаб қызметі мен тәуелсіз бақылаушылар пулын құру басталғанын мәлімдеп, ой-тұжырымдарымен бөлісті.


– Тарихқа көз жүгіртсек, ата-бабаларымыз да бас қосып, жиналыс-жиындарда өз көшбасшыларын сайлап отырған. Сайлау – мемлекет пен халық арасындағы көпір іспетті.Алдағы сайлауда ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету үшін біз осы жұмысты ұйымдастырып, сайлау үрдісін бақылауға қатысуға шешім қабылдадық. Біздің басты мақсатымыз – жастарымызды бұл жұмысқа көптеп тарту, олардың белсенділігін арттыру және саяси сауаттылығын көтеру. Жақын арада біз байқаушылардың сапалы тобын құрып, олардың білікті дәріс алуын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз, – деді Азамат Жолданбаев.



Сондай-ақ ол кездесу барысында тәуелсіз бақылаушылардың штабы құрылғанын айта келіп, алматылықтарды осы бастаманы қолдауға шақырды.



«Бүгінгі баспасөз конференциямыздың негізгі себебі – жақында болатын Президент сайлауы. Сондықтан біз мемлекетіміздің болашағына бей-жай қарамайтын белсенді жастардан тұратын «Ел ертеңі» тәуелсіз бақылаушылар штабын құрып жатырмыз», – деді әріптесінің сөзін қолдаған Талғат Жанысбай.



Спикерлер әр бақылаушының ресми тіркелетінін, оларға тиісті құжаттардың бәрі берілетінін, бақылаушылар арнайы оқытылатынын айтты.


Кездесу барысында Анастасия Ульченко ел арасында БАҚ өкілдерін «төртінші билік» деп атайтынын, журналист – халықтың көзі әрі үні екенін еске салды. Өзі сондықтан да еліміздің азаматы әрі жас маман ретінде бақылаушы болуға шешім қабылдағанын айтты.



«Ел ертеңі» бірлестігі қызметінің басты мақсаттарының бірі – жастардың бойында саяси мәдениетті қалыптастыру және жалпыхалықтық сайлауларға қатысу тәжірибесін жетілдіру.



«Біз жастарды еліміз үшін аса маңызды осы оқиғадан тыс қалмауға шақырамыз. Бақылаушы болғысы келетін, бірлестіктің жұмысына атсалысам деген азаматтарды біз оқытамыз, ақпараттандырамыз, практикалық көмек көрсетеміз. Біздің қозғалысқа бұрын бақылаушы ретінде тәжірибесі бар адамдар мен қоғамдық ұйымдар да қосылады деп үміттенеміз», – деді журналист.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.