конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда экологтар 440-тан астам дизельді автокөлі...

Алматыда экологтар 440-тан астам дизельді автокөлікті тексерді

Алматы 15.07.2026, 15:15 187
Алматыда экологтар 440-тан астам дизельді автокөлікті тексерді
Алматы әкімдігі

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы бойынша Экология департаментінің басшысы Дінмұхамед Лесбеков 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қоршаған орта жағдайына жүргізілген зертханалық-талдамалық бақылаудың нәтижелерін таныстырды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, есепті кезеңде Алматы қаласында атмосфералық ауаның және су нысандарының жоғары әрі төтенше жоғары деңгейде ластану деректері тіркелмеген.

Департамент мамандары қаладағы түрлі нысандарда ауа, су, топырақ және өндірістік шығарындыларға зертханалық зерттеулер жүргізді.

«Зертханалық бақылау қоршаған орта жағдайын объективті бағалауға және экологиялық талаптардың бұзылуына дер кезінде ден қоюға мүмкіндік береді», - деді Дінмұхамед Лесбеков.

Автокөлік шығарындыларын бақылауға ерекше көңіл бөлінген. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 446 дизельді автокөлікке аспаптық бақылау жүргізіліп, оның 71-нен шығарындылардың белгіленген нормативтерден асып кеткені анықталды. Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 32,6 млн теңгеден асты.

Сонымен қатар, мамандар Есентай, Үлкен Алматы, Кіші Алматы, Ақсай, Басқарасу өзендері мен Сайран көлінің экологиялық жай-күйін тексерді. Зерттеу қорытындысы бойынша мұнай өнімдерінің мөлшері белгіленген нормадан жоғары болуы тек Есентай өзенінде анықталды. Ал қалған бақылау нүктелерінде нормативтен асу деректері тіркелмеген.

Топырақ сынамаларын талдау нәтижелері де ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан асып кету фактілерін көрсеткен жоқ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#зертхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:16

Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 11:13

Үкіметте білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды

Бүгін 10:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);