Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Экологиядағы инклюзия – Жаңа жылдық ғажа...

Алматыда «Экологиядағы инклюзия – Жаңа жылдық ғажайып» акциясы жалғасуда

Әлеумет 12.12.2024, 10:44 837
Алматыда «Экологиядағы инклюзия – Жаңа жылдық ғажайып» акциясы жалғасуда
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда ерекше қажеттілігі бар балалар пластиктен жаңа жылдық ойыншықтар жасауда

Жалпы республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Алматыда 28 қарашадан бастап ерекше экологиялық бастама – «Экологиядағы инклюзия – Жаңа жылдық ғажайып» жобасы жүзеге асырылуда. Акция аясында қала тұрғындары мен компаниялар қайта өңделген пластиктен жасалған шырша ойыншықтары мен жаңа жылдық әшекейлерді сатып ала алады. Бұл өнімдерді ерекше қажеттіліктері бар балалар жасаған, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Жобаға қазірдің өзінде Болат Өтемұратов қоры, Рамс компаниясы, Еуразиялық банк, Алмалы холдингі және басқа да қоғамдық қорлар мен компаниялар қатысуда. Барлық ойыншық эко-тренерлердің жетекшілігімен шығармашылық шеберлік дәрістерінде жасалады. Балалар материалдармен жұмыс істеуді ғана емес, сонымен қатар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосады.

Жобаның бастамашысы Евгений Мұхамеджанов: 
«Балаларға мерекенің маңызды бөлігі екенін сезінуге мүмкіндік бергіміз келеді. Олардың еңбегі бағаланады, өз қолымен керемет нәрсе жасай алатынына сенеді. Егер бала өзінің ойыншығын қаладағы шыршадан немесе дүкен сөресінен көрсе, бұл оған үлкен шабыт пен қуаныш сыйлайды».

Мүше компаниялар кеңселеріне, сөрелеріне немесе жаңа жылдық корпоративтік сыйлықтарын безендіру үшін ерекше әшекейлерге тапсырыс бере алады. Эко-Хаб кез келген адамды акцияға қосылуға шақырады, ал мереке аяқталған соң ойыншықтарды қайта өңдеуге өткізуге болады, осылайша материалды пайдаға асыруға болады. 

Еске салайық, Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы елді мекендер аумағын көріктендіруге және көгалдандыруға бағытталған. Бағдарламаның басты мақсаты – табиғатқа ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті арттыру және халықтың экологиялық мәдениетін дамыту. 

Толық ақпарат алу және тапсырыс беру үшін Эко-Хабқа хабарласыңыз: Мекенжайы: Марков көшесі, 44 Телефон: +7 707 358 9992.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Эко-хаб #Таза Қазақстан #Жаңа жыл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.