Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда экология талаптарын бақылауға дрондар қол...

Алматыда экология талаптарын бақылауға дрондар қолданылуы мүмкін

Алматы 16.02.2026, 09:10 83
Алматыда экология талаптарын бақылауға дрондар қолданылуы мүмкін
Элеонора Якия

Қалалық Экология және қоршаған орта басқармасы өкілдерінің айтуынша, экологиялық талаптардың орындалуын "Eco Almaty" ЖШС бақылайды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

"Eco Almaty" ЖШС – 100% мемлекеттік қатысуы бар ұйым. Ол экологиялық нормалардың бұзылуын анықтау барысында уәкілетті мемлекеттік органдарға – Экология департаментіне, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне және Полиция департаментіне – жәрдем көрсетеді.

Бақылау келесі бағыттарды қамтиды: жеке және қоғамдық көлікті, коммерциялық қызмет көліктерін және коммуналдық техниканы қоса алғанда, жылжымалы шығарындылар көздері; стационарлық шығарындылар көздері; қалдықтарды полигондарда жағу, өздігінен тұтану, пиротехникалық бұйымдарды қолдану сияқты ұйымдастырылмаған стационарлық шығарындылар.

Бұзушылықтарды анықтау үшін стационарлық және жылжымалы экологиялық бекеттер пайдаланылады. Қалада барлығы 19 стационарлық және 4 жылжымалы бекет жұмыс істейді.

Сонымен қатар, көлік құралдарының шығарындыларындағы ластаушы заттардың шоғырлануын өлшейтін спектрометрлер, ал стационарлық шығарындылар көздерін бақылауға ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылуы мүмкін.

Басқарма мәліметінше, мұндай тәсіл қаладағы ауа сапасын тиімді бақылауға және экологиялық талаптардың бұзылуына жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Алматының Экология және қоршаған орта басқармасының мәліметінше, бұл тәсіл қаладағы ауа сапасын тиімді бақылауға және экологиялық талаптар бұзылған жағдайда жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дрон
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.