AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда экожүйені бақылау бекеттерінің саны артты

Алматыда экожүйені бақылау бекеттерінің саны артты

Әлеумет 28.10.2022, 09:00 1,110
Алматыда экожүйені бақылау бекеттерінің саны артты
Сурет: Kolesa.kz

Алматы әкімдігі дизельді қоғамдық көлікті сатып алуға тыйым салды. 


Алматыда экожүйені бақылау бекеттерінің саны 16-дан 40-қа дейін артты. Бұл туралы Экология министрі Серікқали Брекешев қала тұрғындарымен кездесуде айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Халықпен кездесу барысында қаланың экологиялық жағдайы бойынша көптеген мәселе талқыланды.


Министр Алматы бірнеше жылдан бері ең ластанған қалалар тізіміне еніп келгенін айтты. Жыл сайын қала атмосферасына шамамен 138,7 мың тонна ластаушы заттар шығарылады. Ластану жылу көздерінің (ЖЭО-2 және ЖЭО-3), жеке тұрғын үйлердің және транспорттың шығарындыларымен байланысты. Бұдан бөлек, Алматы қаласының атмосфералық ауасының жай-күйіне Алматы облысының үш іргелес аудандарындағы газдандырылмаған өңірлердің шығарындылары теріс әсер етуде.


Биылғы 9 айда ел бойынша атмосфераға 900 мың тоннаға жуық ластаушы зат шықса, соның 31,9 мың тоннасы Алматы үлесінде. 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ел бойынша шығарындылар 18% төмен (1,1 млн тонна), Алматыда - 28,4% төмен (44,6 мың тонна).


Сондай-ақ С.Брекешев қаланың экологиялық жағдайын жақсарту жөніндегі шаралар кешені алматылықтардың пікірлерін ескере отырып жасалғанын атап өтті. Осы орайда, қаладағы экожүйені бақылау бекеттерінің саны 16-дан 40-қа дейін артты. Барлық жаңа бекеттерді қоғамдық ұйымдардың күштері ұйымдастырып, Қазгидрометтің бірыңғай мониторинг желісіне біріктірілді (11 бекет – Эко сарапшы, 10 датчик – Павел Плотицын, 3 бекет – Скаймакс). Сондай-ақ Алматы қаласының әкімдігі Азия даму банкінің көмегімен Қазгидрометтің AirKZ мобильдік қосымшасымен интеграцияланған тағы 50 датчик орнатады.


Алматы әкімдігі дизельді қоғамдық көлікті сатып алуға тыйым салды. Қазірдің өзінде 827 электр және газ автобустары сатып алынды. Осы жылдың соңына дейін экологиялық таза қоғамдық көліктің жалпы саны 40% құрайтын болады. Ал бес жыл ішінде қалалық көлікті толығымен газ бен электр энергиясына ауыстыру жоспарлануда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #экопост #Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);