конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда екі күнде 2 мыңнан астам көлік айыппұл тұ...

Алматыда екі күнде 2 мыңнан астам көлік айыппұл тұрағына қойылды

Заң мен тəртіп 03.04.2026, 10:26 443
Алматыда екі күнде 2 мыңнан астам көлік айыппұл тұрағына қойылды
polisia.kz

Алматыда өткен «Стоп-бұзушылық» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында екі күн ішінде 4 828 жол ережесін бұзу дерегі тіркелді, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Іс-шара барысында жол қозғалысы қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретін өрескел заңбұзушылықтарға ерекше назар аударылған. Нәтижесінде көлік жүргізу құқығы жоқ адамдардың тізгінге отыруының 44 дерегі, сондай-ақ бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған тұлғалардың көлік басқаруының 8 фактісі анықталған.

Сонымен қатар жалған мемлекеттік нөмір қолданудың 8 дерегі мен қарсы бағытқа шығудың 15 жағдайы тіркелген.

Жүргізілген жұмыстар аясында 2 мыңнан астам көлік арнайы тұрақтарға қойылды. Олардың қатарында шетелдік тіркеудегі автокөліктер де бар.

Алматы қалалық Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының бастығы Абдинур Тасыбаевтың айтуынша, полиция жолдағы қауіпсіздікке тікелей әсер ететін өрескел бұзушылықтарды анықтауға басымдық беріп отыр.

Еске салайық, 1 сәуірде Алматыда «Стоп-бұзушылық» жаппай операциясы басталған болатын. Оған Қазақстанның әр өңірінен полиция экипаждары тартылған. Алғашқы тәуліктің өзінде 2 200-ден астам құқықбұзушылық анықталған.

Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін күшейту үшін қалаға Астана, Ақмола, Қарағанды және Жамбыл облыстарынан қосымша күштер жұмылдырылған.

Айта кетейік, 21 наурызда Алматыда резонанс тудырған жол апаты болған еді. Әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында Mercedes пен Zeekr көліктері соқтығысып, салдарынан үш адам қаза тапқан. Zeekr жүргізушісі мас күйде болған.

Сонымен қатар мемлекеттік нөмірлердің заңсыз берілуі мүмкін деген күдікке байланысты ішкі қауіпсіздік департаменті қылмыстық іс қозғап, бірқатар лауазымды тұлғалар қызметінен босатылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:16

Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 11:13

Үкіметте білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды

Бүгін 10:43

Қазақстанда бір палаталы Құрылтай жұмыс істей бастайды

Бүгін 09:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);