AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда екі жүз келіден аса заңсыз пиротехника тә...

Алматыда екі жүз келіден аса заңсыз пиротехника тәркіленді

Әлеумет 28.12.2022, 06:31 1,258
Алматыда екі жүз келіден аса заңсыз пиротехника тәркіленді
Сурет: Gov.kz

Рейдтер жүргізу барысында екі күннің ішінде Алматыда  200 кг артық қауіпті пиротехника  тәркіленді


Алматыда 25 желтоқсаннан бастап төтенше жағдайлар департаменті мен полиция қызметкерлері пиротехникалық бұйымдар сатылатын орындарда рейд жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, пиротехникалық бұйымдарды өткізу қағидаларын бұзған 23 адамға әкімшілік шара қабылданды. ҚР заңнамасының талаптарына сай келмейтін 262 жиынтық (200 кг астам) пиротехникалық бұйым тәркіленді.



«Алматы қаласында жыл сайын жаңа жыл мерекесінде 10-нан 15-ке дейін өрт болады. Оның 18 пайызы пиротехникалық бұйымдардан. Осындай оқиғалардан кейін өткен жылы медициналық мекемелерге 39 адам, оның ішінде 29 бала жүгінген. Ауруханаға жатқызылғандар – 8 адам, оның ішінде 7 бала бар», - деп атап өтті ТЖД баспасөз қызметі.



Мамандар қала тұрғындары мен қонақтарына пиротехникалық өнімдерді қолдану кезіндегі сақтық шараларын ескертті:


- пиротехникалық бұйымдарды сатып алғанда, орамының тұтастығына және оның жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз;


- 14 жасқа дейінгі балаларға пиротехниканы өз бетімен қолдануға жол бермеңіз;


- пиротехниканы қолдану кезінде оны өзіңізден алыстау ұстаңыз;


- қауіпті аймақ радиусында (50 метр) пиротехниканы ұшыруға ешқандай кедергі (ағаш шоқтары, сызықтар, отшашулар бағытын өзгерте алатын электр желілері) жоқ екеніне көз жеткізіңіз;


- пиротехниканы қатты желде қолданбаңыз;


- пиротехникалық өнім жарамсыз болған жағдайда, екінші қайтара қолданбаңыз;


- ракета мен отшашуды адамдарға қарай бағыттамаңыз және аяқтарының астына лақтырмаңыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Қазақстан #пиротехника
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);