AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда екі жаңа мектеп ашылды

Алматыда екі жаңа мектеп ашылды

Әлеумет 28.11.2022, 09:51 1,560
Алматыда екі жаңа мектеп ашылды
Cурет: Almaty-akshamy.kz

 Қалада екі мектеп ашылды. 


Алматы қаласы Алатау ауданының «Ботакөз-2» ықшамауданында және Наурызбай ауданының «Достық» ықшамауданында бір ауысымда әрқайсысы 1500 оқушының білім алуына мүмкіндік беретін №208 және 209 мектеп-гимназиясы ашылды (мектептерде екі ауысым бойынша оқытылады), деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.




Наурызбай ауданында орналасқан №208 мектеп-гимназиясындағы 37 сыныпта 960 адам оқымақ. Сабақтар қазақ тілінде жүргізіледі.


№ 209 мектеп (Алатау ауданы) 2851 оқушыға арналған, мұнда 109 сынып бар. Мектепте сабақтар қазақ және орыс тілінде жүргізіледі.


Жаңа мектептер типтік жобалар бойынша салынбаған. Жобалау кезінде білім ошақтарына қойылатын жаңа стандарттар арнайы әзірленіп, қабылданды. Олар заманауи сәулетімен, жан-жақты ойластырылған кеңістік дизайнымен, кең сыныптары және қоғамдық кеңістігі  бар эргономикалық интерьерімен ерекшеленеді.


Мектептердің оқу кабинеттері интерактивті панельмен, SMART тақтамен және заманауи үлгідегі жиһазбен жабдықталған. Спорт залдардың төбесі мен қабырғасы дыбыс өткізбейтін панельмен қапталған, бұл спорттық іс-шара өткізу кезінде өте ыңғайлы, дыбысты оқшаулайды.


Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мектептер Face ID қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған. Ата-аналар балаларының мектепке кіріп-шыққанын біліп отырады.


Қосымша ақпаратты мектеп директорларынан білуге болады:


№208 (+7 776 8177676 ) Әденова Гүлбада Есейханқызы


№209 (+7 701474 72 18) Адамов Нұрлан Жұмағазыұлы

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мектеп #Білім беру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);