AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына морат...

Алматыда егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына мораторий енгізіледі

Әлеумет 29.02.2024, 05:08 1,040
Алматыда егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына мораторий енгізіледі
almaty-akshamy.kz

Алматыда егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына (ЕТЖ) өзгерістер енгізуге жыл соңына дейін мораторий енгізіледі, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.


Тұрғынның сұрағы:
Біздің ауданның құрылғанына 10 жыл болды, осы уақыт ішінде аудан дамып, құрылыстар көбейді. Жақында әкімдік нүктелі құрылысты шектейтін егжей-тегжейлі жоспарлаудың жаңа жобаларын қабылдады. Бірақ заң бойынша оларға жылына екі рет өзгерістер енгізуге болады. ЕТЖ-ға енгізілген барлық оң бастама осыған байланысты өзгеріп кетпей ме?


Алматы әкімі Ерболат Досаевтың жауабы: 
Былтыр мамыр айында Үкімет 2040 жылға дейін Қаланың бас жоспарын бекітті, содан кейін оны жүзеге асыру үшін сарапшылар және қала тұрғындарымен талқылаудан кейін біз әр ауданның жаңа жол ережелерін қабылдадық. 


Алматының болашақ дамуы орта қабатты құрылысқа негізделген. ЕТЖ-дағы барлық айланың жолын кестік, қосымша жыл соңына дейін түзету енгізуге мораторий жарияладым. Егер өзгеріс қажет болса, келесі жылы қарастырамыз. Менің ойымша, әзірлеушілер де, тұрғындар да мені түсінеді, өйткені біз жоспардың тұрақтылығын қамтамасыз етуіміз керек. 


ЕТЖ-ны әзірлеу кезінде қала тұрғындарының пікірі барынша ескерілді, қызыл сызықтар бойынша бұрынғы қателіктер мен басқаларын ретке келтірдік. Бірақ қалада дамудың белгілі бір басымдығы бар екенін және олар әрқашан жеке азаматтардың пікірімен сәйкес келмейтінін түсіну керек. Мысалы, Наурызбай ауданында біз қоғамдық кеңістікті барынша жақсартуға тырысамыз, болашақта барлық үйлер жер асты тұрағымен және қажетті әлеуметтік инфрақұрылымдармен салынады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Наурызбай #құрылыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);