AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда егде жастағы науқастарға наркозсыз ауыр о...

Алматыда егде жастағы науқастарға наркозсыз ауыр отасы жасалды

Барлығы 28.01.2026, 10:12 366 Сұлу
Алматыда егде жастағы науқастарға наркозсыз ауыр отасы жасалды
Алматы әкімдігі

Алматы қалалық кардиология орталығында транскатетерлік имплантация (TAVI) әдісімен аорталық қақпақшаны ауыстыру бойынша екі жоғары технологиялық ота сәтті жүргізілді. Аз инвазивті араласу аорталық қақпақшаның критикалық стенозы диагнозы қойылған 72 және 77 жастағы пациенттерге жасалды. Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері айтты, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Бұл отаның басты ерекшелігі – жалпы наркоздың қолданылмауы. Науқастар есін сақтап, ота барысын жеңіл көтерді. Мұндай тәсіл асқыну қаупін едәуір азайтып, сауығу үдерісін жеделдетеді. Бұл, әсіресе, қосымша сырқаты бар егде жастағы адамдар үшін өте маңызды.

Аорталық қақпақшаның критикалық стенозы кезінде жүрек сол жақ қарынша мен қолқа арасындағы қысымның шамадан тыс айырмашылығына байланысты ауыр жүктеме түседі. Уақытылы медициналық көмек көрсетілмесе, бұл жүрек бұлшықетінің әлсіреп, жиырылу қабілетінен айырылуына әкеледі.

Интервенциялық кардиолог Оразбек Саховтың айтуынша, миокардтың қалпына келу мүмкіндігі әлі сақталған сәтті өткізіп алмау аса маңызды.

"Ауру асқынып кеткен жағдайда, қақпақшаны сәтті ауыстырғанның өзінде жүректің бұрынғы қалпы мен қызметін толық қалпына келтіру әрдайым мүмкін бола бермейді", – дейді маман.

Ота кеуде қуысын ашпай жасалады: қақпақша сан артериясы арқылы жүрекке жеткізіліп, рентген және ультрадыбыстық бақылаумен орнатылады. Кардиология орталығында мұндай жоғары технологиялы оталар үш жылдан астам уақыт бойы сәтті жүргізіліп келеді. Осы кезеңде 80-нен астам күрделі ота жасалған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ота #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);