AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда діни қауіпсіздікті нығайту жұмыстары қоры...

Алматыда діни қауіпсіздікті нығайту жұмыстары қорытындыланды

Барлығы 03.12.2025, 14:28 561
Алматыда діни қауіпсіздікті нығайту жұмыстары қорытындыланды
Қайрат Қонысбаев

"Қазақстан" қонақ үйінің "Elegant Hall" конференц-залында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру топтарының жылдық қорытындысына арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" ұйымдастырды.

Жиын барысында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ басшысы Дулат Ибрагимов ағымдағы жылы қалада 655 түсіндіру іс-шарасы өткізіліп, 73 860 адам қамтылғанын атап өтті. Жалпы, ақпараттық жұмыстың басым бөлігі нақты мақсатты аудиторияларға бағытталған. Оның айтуынша, түсіндіру жұмыстары сотталғандар, діндар топтар, еңбек мигранттары, әлеуметтік әлсіз азаматтар, жұмыссыздар, спортшылар, мәдениет қызметкерлері, білім беру ұйымдары, мемлекеттік құрылымдар мен құқық қорғау органдары арасында жүргізілді. Жыл бойы орталықтың әлеуметтік желідегі арнайы парақшасына 500-ден астам ұсыныс пен пікір түскен. Алдағы жылы жұмысты жетілдіру және қамту аясын кеңейту жоспарланған.

Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Нұрлан Қиқымов ақпараттық-түсіндіру жұмысының тәсілдері туралы айта келе, бұл қызметтің бүкіл қала тұрғындарына бұқаралық түрде емес, дін идеологиясына қызығушылық танытқан немесе қауіп төндіруі мүмкін топтарға бағытталатынын жеткізді. Оның айтуынша, қала халқының өсімімен бірге діни мәселелер бойынша түсіндіру жұмысына деген қажеттілік те артып отыр.

Жиында ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері ұсыныстарын ортаға салып, жұмыс тиімділігін арттыру жолдарын талқылады. Қатысушылар брошюра дайындау, шетелдік сарапшыларды тарту және әлеуметтік парақшадағы белсенділікті күшейту қажеттігін атап өтті.

Дөңгелек үстел қорытындысында жыл бойы жоғары кәсібилік көрсеткен үздік 
сарапшылар Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының Алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. 

"Мемлекетіміздің дін саласындағы саясатын ілгерілетуге қосқан үлесі үшін, қоғамда діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және зайырлылық қағидаттарын насихаттау бағытындағы белсенді еңбектері үшін алғыс білдіреміз", – деді Нұрлан Қиқымов.

Айта кетейік, қаладағы ақпараттық-түсіндіру топтарында биыл 68 сарапшы еңбек етті. Оның 32-сі қазақ тілінде, 10-ы орыстілді, 26 маман екі тілде жұмыс жүргізген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Дін
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);