AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Алматыда депутаттық корпус 66,7% жаңартылды

Алматыда депутаттық корпус 66,7% жаңартылды

Саясат 30.03.2023, 14:46 1,457
Алматыда депутаттық корпус 66,7% жаңартылды
Сурет: Alataunews.kz

Алматы қаласы мәслихатының жаңа депутаттық корпусы жұмысқа кірісті.


Аралас сайлау жүйесі бойынша сайланған 42 депутат VIII шақырылымдағы қалалық мәслихаттың бірінші сессиясы барысында тұрақты комиссиялар бойынша бөлінді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 


Айта кету керек, 2004 жылдан бері алғаш рет депутаттардың 50%-ы партиялық тізімдер бойынша, қалған 50%-ы мажоритарлық жүйе бойынша сайланды.


Сессия жұмысын аша отырып, Алматы қаласы бойынша аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Айгүл Қалықова VIII шақырылымдағы Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының куәліктері мен төсбелгілерін тапсыру рәсімін өткізді.


Бірінші сессия барысында мәслихат төрағасы және жаңадан құрылған тұрақты комиссиялардың төрағалары сайланды. Осылайша, «AMANAT» партиясы фракциясының ұсынысы негізінде VIII шақырылымдағы Алматы мәслихатының төрағасы болып Мейіржан Отыншиев сайланды.


Сонымен қатар сайлау комиссиясы «Қазақстандағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңына сәйкес «AMANAT» партиясының фракциясы тіркеліп, оның басшысы болып Станислав Канкуров сайланғаны туралы хабарлама жасады.


Сондай-ақ дауыс беру нәтижесінде тұрақты комиссиялардың басшылары анықталды:



  1. Экономика, қаржы, активтер, мемлекеттік басқаруды дамыту және қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі комиссия, төрағасы – Нәбиев Әміржан Әміржанұлы.

  2. Құрылыс, сәулет, урбанистика және жер қатынастары жөніндегі комиссия, төрағасы – Шоқанов Нұрсұлтан Нұрланұлы.

  3. Коммуналдық инфрақұрылым, энергетика, сумен жабдықтау және қалалық мобилділік жөніндегі комиссия, төрайымы – Өмірбаева Зауреш Әбілғожақызы.

  4. Кәсіпкерлік, инвестициялар, туризм және экология жөніндегі комиссия, төрағасы – Идрисов Руслан Рашитович.

  5. Қоғамдық даму, мәдениет, спорт, дін және жастар жөніндегі комиссия, төрайымы – Ақанова Әсия Айқанқызы.

  6. Денсаулық сақтау, білім және жұмыспен қамту жөніндегі комиссия, төрағасы - Қодасбаев Алмат Тұрысбекұлы.


Бір мандатты округтерді ескере отырып, 24 мандатпен «AMANAT» партиясы басымдыққа ие болды. «Respublica» партиясында 5 мандат, «Қазақстан Халық партиясы» мен «BAYTAQ» партияларында үш мандаттан бар. «Ақ Жол» партиясы 2 мандатты алса, партиялық емес депутаттар 5 мандатқа ие болды.


Мәслихат депутаттарының құрамын жаңарту 66,7% құрады. Әйелдер, жастар және мүмкіндігі шектеулі жандар саны 38,1% құрады. Ұлттық құрамы бойынша: қазақтар – 78,6%, орыстар – 7,1%, кәрістер – 4,8%, ұйғырлар – 4,8%, татарлар – 2,4%, украиндар – 2,4%.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Кеше 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Кеше 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Кеше 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Кеше 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Кеше 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);