AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жалғасып келеді

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жалғасып келеді

Әлеумет 22.05.2026, 10:04 535
Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жалғасып келеді
Алматы әкімдігі

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жалғасып келеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда көктемгі маусымда тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз ету, азық-түлік қауіпсіздігін күшейту және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру мақсатында демалыс күнгі жәрмеңкелер тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Бұл жұмыстарды «Алматы» ӘКК» АҚ өткізіп отыр.

Жәрмеңкеде Алматы қаласының және Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле, Қарасай, Жамбыл аудандарының, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының тауар өндірушілерінің өнімі ұсынылған.

Сауда алаңдарында 1000-нан астам азық-түлік өнімі қойылған.

2026 жылдың басынан бері жәрмеңкелерде шамамен 8,5 мың тонна азық-түлік өнімі сатылған. Оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары да бар. Бүгінде демалыс күнгі жәрмеңкелерге 60 мыңнан астам адам келген. Бұл форматтың қала тұрғындары арасында жоғары сұранысқа ие екенін көрсетеді.

Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау және азық-түлік өнімдерінің қолжетімділігін арттыру мақсатында 2026 жылы 16 мамырдан бастап Жетісу ауданындағы Құлагер шағынауданында жаңа жәрмеңке жұмысын бастады. Алдағы уақытта жәрмеңкелердің ауқымын кеңейтіп, қаланың барлық 8 ауданын қамту жоспарланып отыр.

Жәрмеңке әр сенбі және жексенбі сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін мына мекенжайларда өтеді:

– Бостандық ауданы: «Қазақфильм» шағынауданы;

– Әуезов ауданы: Рысқұлбеков көшесі, 33/2;

– Медеу ауданы: Меңдікұлов және Бектұров көшелерінің қиылысы;

– Алмалы ауданы: Масанчи көшесі, Әйтеке би мен Гоголь көшелерінің аралығы;

– Жетісу ауданы: Құлагер шағынауданы.

Сонымен қатар «Алматы» ӘКК» АҚ Бостандық ауданындағы («Қазақфильм» шағынауданы) және Әуезов ауданындағы демалыс күнгі жәрмеңкесін кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстарын жүргізуде. Жобаны сауда алаңдарын санитарлық, сәулеттік және инфрақұрылымдық талаптарға сәйкестендіруге, сондай-ақ қала тұрғындары үшін азық-түлік өнімдерінің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жәрмеңке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);