AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер көбейеді

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер көбейеді

Барлығы 05.02.2026, 10:51 593
Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер көбейеді
Алматы әкімдігі

Алматыда азық-түлік инфрақұрылымын дамыту, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау және халықты қолжетімді бағамен сапалы өніммен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру аясында өткізілетін демалыс күндері жәрмеңкелер желісін кеңейту бойынша жүйелі жұмыс жалғасып келеді.
 
Жәрмеңкелер Алматы қаласы әкімдігінің, Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының қолдауымен өткізіледі. Оларды ұйымдастырушы – «Алматы» ӘКК» АҚ.

2025 жылы қаланың Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу және Медеу аудандарының аумағында демалыс күндері 430 жәрмеңке өткізілді. Биыл жәрмеңкелер санын 2,5 есеге ұлғайту көзделіп отыр. Осыған байланысты 2026 жылдың соңына дейін 1000-нан астам жәрмеңке өткізу жоспарланған.

Сонымен қатар, Түркістан, Жетісу, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарының, сондай-ақ Өзбекстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасының фермерлері қатысатын кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін ұйымдастыру қарастырылған. Бұл ретте, жаңа піскен көкөніс өнімдерін жеткізуге басымдық беріледі.

Аталған шаралар өңіраралық кооперацияны дамытуға, қаланың азық-түлік нарығын нығайтуға, отандық шаруалар үшін өнім өткізу арналарының аясын кеңейтуге, сондай-ақ Алматы тұрғындары үшін ауыл шаруашылығы өнімдерінің қолжетімділігін арттыруға, оның ішінде қалалық сауда желілерінің сөрелерінде көбірек ұсынылуына мүмкіндік береді.

Демалыс күнгі жәрмеңкелер өтетін  мекенжайлар:

  • Алмалы ауданы – Масанчи көшесі (Гоголь көшесі мен Әйтеке би көшесінің аралығы);
  • Әуезов ауданы – Өтеген батыр көшесі (Абай даңғылынан төмен);
  • Бостандық ауданы – «Қазақфильм» ш/а, Исиналиев көшесі;
  • Жетісу ауданы – «Құлагер» ш/а, ХҚКО мен әкімдік ғимараты арасындағы автотұрақ;
  • Медеу ауданы – Меңдіқұлов бульвары (Бектұров көшесінің қиылысы).
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жәрмеңке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);