AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда «Дала дәмі» акциясы аясында демалыс күнде...

Алматыда «Дала дәмі» акциясы аясында демалыс күндері жәрмеңкелер өтеді

Алматы 18.09.2026, 13:48 215
Алматыда «Дала дәмі» акциясы аясында демалыс күндері жәрмеңкелер өтеді
Алматы әкімдігі

Жәрмеңкелерге 330 фермерлік шаруашылық пен өндіруші қатысады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Осы демалыс күндері Алматы тұрғындары «Дала дәмі» республикалық акциясы аясында жаңа піскен ауыл шаруашылығы өнімдерін қолжетімді бағамен сатып ала алады.

19 қыркүйектен бастап қалада отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауға және тұрғындарды сапалы маусымдық өніммен қамтамасыз етуге бағытталған «Дала дәмі» жобасы басталады. Алматыда өтетін жәрмеңкелерге қала, Алматы облысы және Қазақстанның басқа да өңірлерінен 330 фермерлік шаруашылық пен өндіруші қатысып, өнімдерін делдалсыз тікелей өткізеді.

Жәрмеңкелерде жаңа піскен көкөністер мен жемістер, ет және сүт өнімдері, жұмыртқа, бал, нан-тоқаш өнімдері және басқа да тауарлар ұсынылады. Барлығы бір мыңнан астам өнім түрі бар.

Сонымен қатар Алматыда демалыс күндері өтетін жәрмеңкелерді кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Сауда орындары қаланың дизайн-код талаптарына сәйкес заманауи форматқа келтіріліп, безендіру, аумақты абаттандыру және сауда орындарын ұйымдастыру бойынша бірыңғай тәсіл енгізілуде.

Осы бағытта жаңғыртылған алғашқы нысан — Бостандық ауданындағы «Қазақфильм» шағынауданында орналасқан жәрмеңке. Оның ашылуы 20 қыркүйек — Алматы қаласы күніне орай өтеді.

49 сотық аумақта 112 сауда орны қарастырылған. Оның ішінде ашық және жабық павильондар, сондай-ақ фудкорт аймағы бар. Жаңартылған жәрмеңке сатып алушыларға, фермерлерге және отандық өндірушілерге қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Алматының алты ауданында: Әуезов, Алмалы, Медеу, Бостандық, Жетісу және Түрксіб аудандарында демалыс күндері жәрмеңкелері жұмыс істейді.

Жәрмеңкелер әр сенбі және жексенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін мына мекенжайларда өтеді:

  • Бостандық ауданы — «Қазақфильм» шағынауданы;

  • Әуезов ауданы — Рысқұлбеков көшесі, 33/2;

  • Медеу ауданы — Меңдікұлов және Бектұров көшелерінің қиылысы;

  • Алмалы ауданы — Масанчи көшесі, Әйтеке би және Гоголь көшелерінің аралығы;

  • Жетісу ауданы — «Құлагер» шағынауданы;

  • Түрксіб ауданы — Рысқұлов және Айтыков көшелерінің қиылысы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мәслихат сайлауының күнтізбелік жоспары бекітілді

Бүгін 17:18

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);