ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда былтыр жолаушылар көлігі жүргізушілерінің...

Алматыда былтыр жолаушылар көлігі жүргізушілерінің кінәсінен 6 адам қаза тапты

Заң мен тəртіп 16.01.2025, 17:45 788
Алматыда былтыр жолаушылар көлігі жүргізушілерінің кінәсінен 6 адам қаза тапты
Сурет: Polisia.kz
Алматы полициясы тасымалдаушыларды жеке жауапкершілікке шақырады.

Алматы полициясы тасымалдаушыларды жеке жауапкершілікке шақырады.

Алматыда жолаушылар тасымалы саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Тасымалдаушы» жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізілуде, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Polisia.kz мәліметінше, бұл шара жолаушылардың қауіпсіздігін арттыруға және қоғамдық көліктердегі құқық бұзушылықтарды болдырмауға бағытталған. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері көлік құралын мас күйінде басқару, жүргізуші куәлігінен айырылғандардың көлік жүргізуі, ұялы телефонды пайдалану, сондай-ақ тоқтау мен тұрақ ережелерін бұзу деректерін анықтауға баса назар аударуда. Шараның басты мақсаты – қоғамдық көліктегі кез келген құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын енгізу, заңнаманы сақтау және қауіпсіздік деңгейін жоғарылату. Алматы қалалық полиция департаментінің деректеріне сүйенсек, өткен жылы жолаушылар көлігі жүргізушілерінің кінәсінен 320 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 379 адам жарақат алып, 6 адам қаза тапқан. Жүргізілген талдау көрсеткендей, осындай оқиғалардың негізгі себептері жылдамдықты шектен асыру, маневр жасау ережелерін бұзу және көлік жүргізу кезінде ұялы телефонды пайдалану болып табылады. 

– Шара аясында полиция қызметкерлері жолаушылар көлігін тексеріп, көлік жүргізушілерінің тәртібін арттыруға күш салуда. Біздің мақсат – техникалық ақауы бар немесе заңсыз қайта жабдықталған көліктерді пайдалануға жол бермеу, жолаушылар мен жүкті тасымалдау кезінде заңнаманы сақтау және заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою. Бұл жұмыстарға мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам өкілдері белсенді түрде тартылды, – деді Алматы қалалық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Дархан Айымбетов.

Екі күннің ішінде жолаушылар көлігі жүргізушілері жасаған 382 жол ережесін бұзу дерегі анықталды. Сонымен қатар техникалық ақауы бар үш көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,268 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.