Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Бутаковка мен Терренкур өзендерінің арнас...

Алматыда Бутаковка мен Терренкур өзендерінің арнасы абаттандырылады

Әлеумет 22.08.2024, 11:41 1,198
Алматыда Бутаковка мен Терренкур өзендерінің арнасы абаттандырылады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Бутаковка мен Терренкур: Ерболат Досаевтың тапсырмасымен Медеу ауданындағы алматылықтардың сүйікті демалыс орындары абаттандырылады

Алматының Медеу ауданында жайлы қалалық орта құру жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев осы аудан тұрғындарымен кездесуде хабарлады.

Қоғамдық кеңістіктерді дамыту аясында «Терренкур» аумағын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, онда 20 жылдан астам уақыт жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Тоған абаттандырылып, балалар алаңдары, демалыс аймақтары, йога және спортпен айналысуға арналған орындар жасалады. Құрылыс-монтаж жұмыстары биыл қараша айында аяқталады деп жоспарланған.

Сонымен қатар, қала басшысы «Бутаковка» өзенінің арнасын қайта құру және су қорғау белдеуін абаттандыруға арналған жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленіп жатқанын атап өтті. Жоба арнаны қайта құру және нығайту, жаяу жүргіншілер жолын, демалыс аймағын, жарықтандыруды және мыңнан астам ағаш пен бұта отырғызуды қамтиды. ЖСҚ әзірлеу және сараптамадан өткізу осы жылдың соңына дейін аяқталады. 

Ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында Алматыда аула аумақтарын абаттандыру бойынша 838 млн теңгеге 13 жоба және саябақтар мен скверлерді абаттандыру бойынша 4 жоба жүзеге асырылуда. Барлық жұмыс қазан айында аяқталады.

Сонымен қатар, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 34 жобаны іске асыруға 2 млрд теңге бөлінді. Қазіргі таңда 3 аула аумағын абаттандыру, 5 автоматты суару жүйесін орнату жұмыстары аяқталды. Биыл қазан айының соңына дейін 17 аула аумағын абаттандыру, 2 автоматты суару жүйесін орнату, сондай-ақ 7 сквер мен спорт алаңында жұмыстарды аяқтау жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бутаковка #Терренкур #Медеу ауданы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.