ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда «Бүгінгі қоғамның әлеуметтік-экономикалық...

Алматыда «Бүгінгі қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріндегі әйелдер» тақырыбына арналған көрме ашылды

Алматы 04.10.2025, 16:43 559
Алматыда «Бүгінгі қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріндегі әйелдер» тақырыбына арналған көрме ашылды
сурет: Алматы әкімдігі
Сербияның Бірінші ханымы Тамара Вучич Алматыда «Серб әйелі: ғасырлар тоғысында» атты көрменін салтанатты ашылуына қатысты. Белград қаласы музейінің қорынан алынған 100-ден астам жәдігерден тұратын...

Сербияның Бірінші ханымы Тамара Вучич Алматыда «Серб әйелі: ғасырлар тоғысында» атты көрменін салтанатты ашылуына қатысты. Белград қаласы музейінің қорынан алынған 100-ден астам жәдігерден тұратын экспозиция Қазақстанда алғаш рет ұсынылып отыр. Қоғамдағы әйел мәртебесін дәріптейтін бұл көрме Сербия тарихы мен мәдениетінің бірегей мұрасымен таныстырады. 

Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, дипломатиялық корпус, Елшілік өкілдері және мәдениет қайраткерлері қатысты. 

 «Тарих бізге әйел – өмірдің бастауы екенін үйретеді. Серб әйелдері билік жүргізіп, дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, жауынгер ретінде ел игілігіне қызметте де алдыңғы қатарда болды. Осы көрменің өтуіне үлес қосқан баршаңызға шексіз алғыс білдіремін», – деді Тамара Вучич.

Экспозиция 7,5 мың жылға жуық тарихи кезеңді қамтиды. Көрмеде археологиялық артефактілер, этнографиялық жәдігерлер, сәндік-қолданбалы өнер туындылары және XIX ғасырдағы көрнекті серб әйелдерінің портреттері ұсынылған.

Министр Аида Балаева қазақ қоғамында әйел – отбасы құндылықтарының сақтаушысы, даналық пен рухани күштің символы екенін атап өтті. Түрлі тарихи кезеңдерде отбасын, елін қорғауға бел буған батыр аналар мен қыздар жайлы тағзыммен еске алатынымызды айтты. Бұл түсінік серб мәдениетіне де жақын екенін, көрмеден айқын аңғарылатынын жеткізді.

«Бүгінде Сербия мен Қазақстан арасындағы байланыс ресми келісімдермен ғана шектелмейді. Олар мәдениет, білім және өнер салаларындағы бірлескен жобалар арқылы жалғасуда. Соңғы жылдары мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық айрықша белсенді бола түсті. Бұл екі ел арасындағы өзара құрмет пен достықтың айқын белгісі», – деді министр.

Бұл халықаралық жоба Алматы мен Белград арасындағы музейаралық ынтымақтастықтың жалғасы ретінде ұйымдастырылып отыр. 2024 жылы желтоқсан айында Белград қаласында Ханшайым Любица сарайында Алматы музейінің «Ұлы Даланың мәдени мұрасы» халықаралық көрмесі жоғары деңгейде өткізілді. 

 «Серб әйелі: ғасырлар тоғысында» көрмесін 2025 жылы 15 қарашаға дейін Алматы музейінде тамашалауға болады. Мекенжайы: Алматы қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 132.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,273 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.