Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда бүгінде бюджеттің 95%-ы қаланың өз кіріст...

Алматыда бүгінде бюджеттің 95%-ы қаланың өз кірістері есебінен қалыптасып отыр

Әлеумет 06.12.2024, 15:24 642
Алматыда бүгінде бюджеттің 95%-ы қаланың өз кірістері есебінен қалыптасып отыр
aqshamnews.kz
Алматының 2025 жылға арналған бюджеті 2022 жылдың басындағы бюджетінен 2 есе көп

Алматының 2025 жылға арналған бюджеті 2022 жылдың басындағы бюджетінен 2 есе көп

2023 жылы Алматы экономикасының рекордтық өсімі және жоғары база қалыптасуы аясында қала экономикасының қарқынды дамуы жалғасуда. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев 2025-2027 жылдарға арналған бюджет бекітілген мәслихаттың кезектен тыс сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«2024 жылдың 10 айында Алматының қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 5,2%-ға дейін жеделдеді. Бұл іскерлік және инвестициялық белсенділіктің жоғары деңгейімен бірге жүреді. Негізгі капиталға салынған инвестиция 8,2%-ға өсіп, 1,3 трлн теңгеге жетті. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 3,8 млрд АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылды», – деді қала басшысы.

Әкімнің айтуынша, Алматы экономикасының қарқынды дамуы қала кірістерінің өсуіне мүмкіндік берді. 2024 жылдың 11 айында Алматы бюджетіне 1 650 млрд теңге аударылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 25,8%-ға артық. 

«Біздің болжамға сәйкес, 2024 жылы Алматы экономикасының өсімі 5,5% деңгейінде болады деп күтілуде. Ал 2025 жылы бұл көрсеткіш 6,4%-ға дейін жеделдемек», – деді Алматы әкімі. 

Экономиканың тұрақты өсуі аясында жергілікті бюджеттің кірістері де артып келеді. Бүгінде бюджеттің 95%-ы қаланың өз кірістерінен қалыптасуда. 

«2025 жылға арналған Алматы бюджеті 2 трлн 177 млрд теңге көлемінде жоспарланып отыр. Бұл 2022 жылдың басындағы 1 трлн 70 млрд теңгеден 2 есе көп», – деп сөзін қорытындылады Ерболат Досаев. 
 
Айта кетейік, Алматы бюджеті әлеуметтік бағытын сақтап келеді. Әлеуметтік салаға жұмсалатын шығындар 15%-ға немесе 110,6 млрд теңгеге ұлғайып, 851,9 млрд теңгеге жетті, бұл бюджет шығыстарының шамамен 40%-ы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,459 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,270 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,349 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,993 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,191 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.