ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда бүгін тек “Астана-Қайрат” матчі емес, отб...

Алматыда бүгін тек “Астана-Қайрат” матчі емес, отбасылық мереке

Алматы 26.10.2025, 15:08 368
Алматыда бүгін тек “Астана-Қайрат” матчі емес, отбасылық мереке
Сурет: Нұрбол Ынтымақұлы
Алматыда бүгін нағыз футбол мерекесі! Қазақстан Премьер-лигасының басты қарсыластары  «Қайрат» пен «Астана» арасындағы шешуші матчқа мыңдаған жанкүйер жиналды. Ойын алдындағы атмосфераны көргенде,...

Алматыда бүгін нағыз футбол мерекесі! Қазақстан Премьер-лигасының басты қарсыластары  «Қайрат» пен «Астана» арасындағы шешуші матчқа мыңдаған жанкүйер жиналды. Ойын алдындағы атмосфераны көргенде, бұл күнді алматылықтар үшін тек футбол кеші емес, нағыз отбасылық мейрам деуге болады. Ерекше атмосфера жайлы Aqshamnews.kz тілшісі толықтырады.

Бүгінгі «Қайрат» пен «Астана» арасындағы кездесу Қазақстан футболының нағыз эль-классикосы. Ойынның тағдыры чемпиондыққа тікелей әсер ететіндіктен, жанкүйерлердің қолдауы ерекше. Стадион маңында көтеріңкі көңіл күй, музыка мен ұрандар, балалардың күлкісі мен қолындағы командалық жалаушалар бәрі де бұл кештің ерекше екенін аңғартады.

Матчты тамашалауға келгендердің арасында алматылық Рамазан Ермеков те бар. Ол ұлын ертіп, сүйікті командасына жанкүйер болуға келген.

«Бүгінгі ойын чемпиондықтың тағдырын шешеді. Қайратты қолдаймыз, жеңіске жетеді деп сенемін. Ауа райы да тамаша, барлығы да тартысты ойынның боларына ишара», - дейді ол.

Ал Қаскелеңнен келген жанкүйер Алияр өз қолдауын ерекше білдіріпті. Оның жейдесінің алдына «Алматы әлем астанасы», ал артына «Қызым, сен менің сүйіктімсің» деп жазылған.

«Бүгін екі эль-классико бар: бірі Испанияда, бірі Алматыда. Өз Қайратымның жеңісіне сенемін. Есеп 3:1, әрине Қайраттың пайдасына!» - дейді ол.

Ойынға отбасымен келгендердің бірі алматылық Мирас. Ол жары мен баласымен бірге стадионға ерте келген.

«Біз үшін мұндай матчтарға бару дәстүр. Бұл тек футбол емес, отбасылық демалыс, жақсы көңіл күй. Қайрат жеңсе, бүгінгі күн екі есе қуанышқа айналады», - дейді ол.

Стадион айналасындағы шат-шадыман көңіл күй мен халықтың ықыласын көргенде, футболдың елді біріктіретін қуатты күш екенін сезесің. Алматы бүгін тек футболды ғана емес, бірлікті, отбасылық жылылықты және спорт рухын тойлап жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,261 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.