Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда бүгін 1000-нан астам ағаш отырғызылды

Алматыда бүгін 1000-нан астам ағаш отырғызылды

Әлеумет 15.10.2022, 09:03 1,218
Алматыда бүгін 1000-нан астам ағаш отырғызылды
Сурет: Самат Құсайынов

Іс-шараға 50 ден астам волонтерлер келді


Мегаполистің “Желтоқсан” саябағында Республика күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. "Желтоқсан" ҚБ және Алматы қаласы  бойынша «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдерінің қатысуымен ағаш отырғызу, сондай-ақ саябақтың іргелес аумағын абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.




“Мерекелік күнтізбемізге енген Республика күнін тойлау басталып кетті. Бүгінгі шараға желтоқсаншылар мен жастар бірігіп атсалысып жатыр.  1000-нан астам ағаш отырғыздық. Спорттың бірнеше түрінен жарыстар өткізіліп, бәріміз мәз мейрам  болып жатқан жайымыз бар. Еліміздің мерейі асқақтап, егемендігіміз арта берсін  деген тілек білдіреміз”, - дейді Алматы қалалық “Желтоқсан қоғамы” ұйымының төрағасы  Нұрлыбек Қуанбаев.



Іс-шара қонақтары үшін концерттік бағдарлама, алтын сақа, тұмақ ату, арқан тарту секілді ұлттық спорт түрінен жарыстар  және мерекелік дастархан ұсынылды.



“Іс-шараға 50 ден астам волонтерлер келді. Бұдан бөлек студенттер, «Ассамблея жастары» өз үлестерін қосуда. Жастар болып үлкен буын өкілдерінің әңгімелерін, өнегелерін естіп, ағаш отырғызу арқылы игі шараны қолға алуды жөн санадық. Ағаларымыздан “Желтоқсан” оқиғасы кезіндегі сәттерді сұрап таным көкжиегімізді арттырып жатырмыз. Сондай-ақ, табиғат аясында демалып, суретке де түсу мүмкіндігіне ие болдық”, - дейді Қазақстан еріктілер қоғамдық қорының жоба менеджері Нұржан Мәди.



Осы ретте, қалада отырғызылатын ағаш түрлері ғылыми қауымдастық пен ландшафт сарапшыларының қатысуымен, климаттық және топырақ ерекшеліктеріне қарай таңдап алынатынын айта кеткеніміз жөн. 



Атап өтерлігі, бүгінде ауқымды көгалдандыру жұмыстарының қарқынды жүргізілуімен қатар, жалпы көгалдандыру саясаты да түбегейлі өзгерді. Басты назар бақылаусыз ағаш отырғызулардан жасыл қорды емдеу мен биоәркелкілікті сақтауға қарай ауысты. Жасыл желекті суару жұмыстарын күшейту үшін жаңа су ұңғымалары салынып, арық жүйесі түгенделді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ағаш отырғызу #Республика күні #Желтоқсаншылар #Ассамблея
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.