Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Алматыда бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Әлеумет 17.10.2023, 06:47 1,323
Алматыда бос орындар жәрмеңкесі өтеді
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Еңбек мобильділігі орталығы алматылықтарды бос орындар жәрмеңкесіне шақырады


20 қазанда Алматыда Еңбек мобильділігі орталығы және Алматының мансап орталығының ұйымдастыруымен бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласының Еңбек мобильділігі орталығының жұмыс берушілерді қолдау бөлімінің басшысы Алтынай Жүкенова мәлімдеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 



«Бос орындар жәрмеңкесін өткізудің мақсаты жастарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыз азаматтарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту болып табылады. Жәрмеңкелерді өткізу компания өкілдеріне өз кәсіпорындарының мүмкіндіктерін таныстыруға мүмкіндік береді, жұмыс іздеушілер қысқа мерзімде персоналды таңдауға мүдделі жұмыс берушілермен сөйлесе алады, қызықтыратын бос орындарды таңдап, таңдалған бос орынға өту үшін әңгімелесуден өте алады», - деді А.Жүкенова.



Жыл басынан бері барлығы 26 бос орындар жәрмеңкесі өткізілді, оған 10553 бос жұмыс орны бар қаланың 1298 кәсіпорны мен мекемесі және 27182 адам қатысты. Нәтижесінде 500-ден астам адам жұмысқа орналастырылды, 200-ге жуық адам кәсіптік оқытуға жіберілді.



«Бір ай бұрын жалпықалалық жәрмеңке өткізілгенін атап өтейік. Жәрмеңкеге 160-қа жуық жұмыс беруші қатысты, олар өнеркәсіпте, өндірісте, сауда желілерінде, тамақтануда, медицинада, фармацевтикада, білім беруде 2500-ден астам бос жұмыс орындарын ұсынды. 5000 - нан астам ізденуші қатысып, кеңес алды, оның ішінде 1000-нан астам ізденуші жұмысқа орналасуға жолдама алды, 230 адам белсенді жұмыспен қамту шараларымен қамтылды», - деп бөлісті спикер.



Барлық туындаған мәселелер бойынша Алматы қаласының мансап орталығына Достық даңғылы 85, «Әлеуметтік қызметтер үйі» мекенжайы бойынша хабарласу қажет. Сонымен қатар, қаланың 8 ауданында орталық мамандары азаматтарды қабылдау және кеңес беру жұмыстарын жүргізеді.  


Бірыңғай нөмірі 310-47-82 бойынша call-орталық жұмыс істейді. Сондай ақ қажетті ақпаратты ctm-almaty.kz сайтынан және  орталықтың әлеуметтік желілерінен табуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Еңбек мобилділігі #жұмыс #жастар #орталық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.