AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда бос жер орнына балалар алаңы мен қала тұр...

Алматыда бос жер орнына балалар алаңы мен қала тұрғындары үшін демалыс аймағы салынады

Әлеумет 24.11.2023, 11:01 1,310 Almaty-akshamy.kz. 
Алматыда бос жер орнына балалар алаңы мен қала тұрғындары үшін демалыс аймағы салынады
Сурет: Самат Құсайынов

Бостандық ауданы тұрғындарының өтінішімен ауданы 1 гектар жер учаскесі абаттандырылады


Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында және Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу аясында Абай даңғылының оңтүстігінде және Гагарин даңғылының батысында орналасқан 1 гектар аумақты абаттандыру жоспарымен танысты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Бұл бос жер инфрақұрылым нысанына айналып, Алматының оңтүстік бөлігіндегі қоғамдық кеңістіктерге маңызды орын болады. Құрылыс жұмыстары биыл 10 қарашада басталды және Алматы әкімінің тапсырмасына сәйкес Бостандық ауданы тұрғындарының өтінішімен қолға алынған. Аумақты абаттандыруда қоғамдық тыңдауларда және жобаны талқылау барысында айтылған дүниелерді ескереді. Мұнда ойын алаңы, футбол және баскетбол алаңдары, скейтпарк, сонымен қатар, иттерді серуендеуге арналған орын бар көпфункционалды қоғамдық аймақ пайда болады. Участокта орындықтар, қоқыс жәшіктері мен перголалар қойылады. Ағаштар отырғызып, суару жүйесімен қамтамасыз етіледі. Аумақты абаттандыру жұмыстары әлеуметтік жауапкершілік аясында жүргізіледі.


Бостандық ауданының әкімі Санжар Алин қала басшысына бүгінгі күні ағаштарды санитарлық мақсатта бұтақтары кесілгенін, ағаш отырғызып, футбол алаңы жөнделгені туралы есеп берді. Қазіргі уақытта жұмыстың 15%-ы аяқталды. Жобаны 2024 жылдың тамызына дейін аяқтау жоспарланып отыр.  


Ерболат Досаев аймақтарды бөлуді ескеріп, бос уақыт пен демалыс алаңдарын қайта құруды, қарттар мен балалар үшін оларды абаттандыру, шатырлар жасауды тапсырды. Қала басшысы жаңа қоғамдық аумақтың жобасы ауданның инфрақұрылымын жақсартып қана қоймай, жылдың кез келген уақытында отбасылық демалыс пен спорттық іс-шаралардың жаңа орталығына айналатынын атап өтті. Сонымен қатар, Алматы әкіміне Абай даңғылынан Жандосов көшесіне дейін Гагарин бульварын қайта құру және абаттандыру жобасы таныстырылды, бұл 2024 жылға жоспарланған.


Анықтама үшін: Бостандық ауданын абаттандыру аясында биыл 80 аула аумағында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 қоғамдық кеңістікке, 10 спорт және балалар алаңына жөндеу жұмыстарын жүргізуді көздейтін 800 млн теңгеге 17 жоба іріктелді. 12 жерасты және 7 жерүсті жаяу жүргіншілер өткеліне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2024 жылға «Атакент», «Южный» парктерін, Үлкен Алматы және Есентай өзендерінің жағалауларын, бірқатар субұрқақты және т.б. қамтитын Тұңғыш Президент саябағын күрделі жөндеу жоспарланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#парк #баттандыру #тұрғын #жайлылық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);