AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда бос жатқан аумақта мұз айдыны бар жаңа ск...

Алматыда бос жатқан аумақта мұз айдыны бар жаңа сквер ашылды

Әлеумет 15.01.2025, 11:43 793 Bakyt
Алматыда бос жатқан аумақта мұз айдыны бар жаңа сквер ашылды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Түрксіб ауданының «Жас Қанат» шағын ауданында қараусыз қалған аумақ жайлы қоғамдық кеңістікке айналды. Жоба «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Сквер аумағында кешенді жұмыстар жүргізілді: асфальт пен кеспе тас төселді, көшеге жарықтандыру элементтері, автоматты суару жүйелері, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды. Сонымен қатар, автотұрақ орындары жабдықталып, арық жүйесі жүргізілді. Алдағы маусымда жас көшеттер отырғызу жоспарланып отыр, бұл скверді одан әрі жасыл желекке айналдырып, жайлы ете түседі. 

Жаңа кеңістіктің басты ерекшелігі – ауданы 450 м² болатын мұз айдыны. Жаз мезгілінде ол ролик тебуге арналған алаңға айналмақ. Мұз айдыны жергілікті тұрғындардың, әсіресе балалардың көңілінен шықты. Олар бұл жерде уақытын қызықты өткізуде. 

«Маған сабақтан кейін осында келіп, сырғанау қатты ұнайды. Үйіме жақын жерде мұз айдыны болса екен деп көптен армандаған едім. Қазір мен мәнерлеп сырғанаудың кейбір элементін үйреніп алдым, тіпті артқа сырғанай аламын. Қазір достарыммен бірге жаңа элементтерді: айналу мен спиральды үйреніп жүрміз. Кешке келсеңіз керемет, гирляндалар жанып тұрады, бәрі өте әдемі әрі ерекше атмосфера береді», – деді «Жас Қанат» шағын ауданының тұрғыны Арман Батыров. 

Түрксіб ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жалпы 40 көркейту жобасы жоспарланған. Бағдарламаның тиімділігін және тұрғындардың белсенділігін ескере отырып, 2024 жылы Алматы әкімі Ерболат Досаев қаржыландыруды 18,8 млрд теңгеге дейін арттырды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 5,8 млрд теңгеге көп. Осылайша, алматылықтарға аулаларды, қоғамдық кеңістіктерді, спорт және балалар алаңдарын құруға арналған 364 жобаны ұсыну мен жүзеге асыру мүмкіндігі берілді.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жас қанат #мұз айдыны
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);