Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда болидтер жарысы өтеді

Алматыда болидтер жарысы өтеді

Әлеумет 10.09.2022, 08:46 1,299
Алматыда болидтер жарысы өтеді
Сурет:W-dog.ru

Аталған шараға кез келген адам қатыса алады.


Алматыда 2022 жылғы 11 қыркүйекте қолдан жасалған болидтерге арналған Red Bull Soapbox Race жарысы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап.



Аталған шараға кез келген адам қатыса алады. Red Bull Soapbox Race жарысына үш нәрсе жол ашады, олар: бірілігі жарасқан команда, көрнекті болид, жеңіске жетелейтін жігер. Бес адамнан тұратын команда жинап, болид конструкциясын құрастырып, команданы ерекше етіп таныстыруға болады. Болидті құрастыру ісінде қатысушыларға толық еркіндік беріледі. Тек мынаны есте сақтау қажет: жарыс көлігіне педаль мен қозғалтқыш орнатуға болмайды және салмағы 80 келіден, ал габариті бойынша – ұзындығы төрт, ені екі метрден аспауы тиіс. Аталған шарттар орындалмаса, техбайқаудан өте алмай қалу мүмкін.



Басты міндет – жарыс жолынан өтіп, мәреге жету. Тіпті болид жарыс жолында жайсыздыққа ұшыраса да, ештеңеге қарамай, ерік-жігерді жанып, мәре сызығына дейін жету керек. Жеңімпазды анықтайтын үш өлшемтарттың бірі – жылдамдық.


Қазақстанда жоба 2017 жылы басталды, ол кезде Алматыда алғашқы жарыс өтті. 2019 жылы жарысушылар қайта жиналды. Биыл Red Bull Soapbox Race үшінші рет өтеді.


Іс-шараға тіркеу ашық болып табылады және іс-шара басталған күні басталатын аймақта жүргізіледі. Іс-шарада қауіпсіздік жедел медициналық жәрдем көліктерінің, еріктілердің, ТЖД және полиция көліктерінің кезекшілігімен қамтамасыз етіледі. Бастапқы, мәре қалашықтардағы, сондай-ақ, трассадағы тазалықты қала қызметтері қамтамасыз етеді.


 Жарыс Достық даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысында өтеді, сағат 12:00-де басталады. 


Болид жарысының өтуіне байланысты 9 қыркүйекте сағат 22:30-дан; 12 қыркүйекте сағат 03:00-ге дейін көлік қозғалысы мына жерлерде уақытша тоқтатылады:


- Достық көшесінің солтүстік бағытында Сәтпаев көшесінен Абай даңғылына дейін,


- оңтүстік бағытта Достық көшесімен Абай даңғылынан Сәтпаев көшесіне дейін,


- Сәтбаев көшесімен Достық даңғылынан Уәлиханов көшесіне дейін батыс бағытта.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #болид #жарыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.