ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Спорт / Алматыда бокстан халықаралық турнир басталды

Алматыда бокстан халықаралық турнир басталды

Спорт 22.05.2024, 14:49 874
Алматыда бокстан халықаралық турнир басталды
Сурет: Gov.kz
Былғары қолғап шеберлерінің турнирі Сағадат Нұрмағамбетовты еске алуға арналған.

Былғары қолғап шеберлерінің турнирі Сағадат Нұрмағамбетовты еске алуға арналған. 

Спорт додасы төрт күнге созылып, 25 мамырда аяқталады.

ҚР Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті – Орталық спорт клубының базасында Кеңес Одағының Батыры, № 1 Халық қаһарманы Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, турнир басталар алдында оның ұйымдастырушылары, спортшылар мен курсанттар Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтындағы даңқты батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Турнирдің салтанатты ашылуына Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Орталық спорт клубының бастығы полковник Арман Әбеуов, КСРО-ның екі дүркін чемпионы, Еуропа чемпионы Кәрімжан Әбдірахманов және Батырдың қызы Айсұлу Нұрмағамбетова қатысты.

«Атақты батырдың құрметіне арналған дәстүрлі турнир биыл 27-ші рет өткізіліп отыр. Сағадат Қожахметұлы еліміз Қарулы күштерінің бастауында тұрған тұлға. Ол өз өмірін туған Отанына қызмет етуге арнады. Біз үшін ол қаһармандықтың, жанқиярлық пен әскери борышқа адалдықтың үлгісі», – деп атап өтті полковник Арман Әбеуов.

Айта кетейік, жарысқа Қазақстан, Армения, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстаннан келген 21 команданың құрамындағы 150-ге жуық спортшы қатысады.

«Бұл күндері болып жатқан іс-шаралардың бәрін майданда қан төккен ардагерлер мен Жеңісті жақындату жолында тылда тер төккен жандардың барлығына құрмет деп білемін. Әкем өз елінің нағыз патриоты болды. Ол үшін Отанға пайдасын тигізу үлкен бақыт болатын. Жас тәуелсіз мемлекетті қорғауға қабілетті Қазақстан әскерін құруға ол аса үлкен жауапкершілікпен келді», – деді Батырдың қызы Айсұлу Сағадатқызы.

Ол өзінің отбасының атынан әкесінің құрметі мен аға буынның ерлігін ұлықтау үшін жасалып жатқан іс-шараларға ризашылығын білдірді.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,179 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.