Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Blockchain Day 2023 өтеді

Алматыда Blockchain Day 2023 өтеді

Әлеумет 24.01.2023, 08:41 1,523
Алматыда Blockchain Day 2023 өтеді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Kazakhstan Blockchain Day – криптоиндустрия мен майнинг нарығының соңғы үрдістері мен сын-қатерлерін талқылауға арналған жыл сайынғы іс-шара.


2-3 ақпанда «Digital Almaty» халықаралық форумы аясында Blockchain Day 2023 өтеді, онда жетекші сарапшылар Қазақстанда цифрлық активтер майнингі индустриясын дамыту мәселелерін, криптобиржаларды дамыту перспективаларын, сондай-ақ Web 3.0 технологияларын енгізудің әдістері мен тәсілдерін талқылайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Ол бірыңғай алаңда 1000-нан астам тыңдаушыны – отандық және шетелдік сарапшыларды, крипто-энтузиастардан бастап мемлекеттік жүйелердің өкілдерін және перспективалық жобаларды әзірлеушілерді біріктіреді. Сондай-ақ, форумда «Web 3.0: Жаңа Интернет революциясы» панельдік сессиясы өтеді, оның  аясында блокчейн индустриясы саласындағы сарапшылар мен Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысушылардың қатысуымен Web 3.0 тұжырымдамасын енгізу жобасы талқыланады.


Blockchain Day 2023 спикерлері ретінде қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығы төралқасының төрағасы Исламбек Салжанов, деректер және блокчейн саласындағы саясат жөніндегі маман (Үндістанның Төртінші өнеркәсіптік революция орталығы, Дүниежүзілік экономикалық форум) Аруши Гоэль; «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Әсел Жанасова, венчурлік инвестор және MOST Ventures, Falconry VC қорларының негізін қалаушы Бақыт Ниязов; Freedom Bank Басқарушы директоры Абылайхан Оспанов, Қазақстандағы блокчейн және дата-орталықтар индустриясы қауымдастығының Вице-президенті Сергей Путра және т. б. сарапшылар өздерінің қатысатынын растады.


Форумның негізгі мақсаты – Орталық Азиядағы блокчейн және крипто-стартаптар технологиясының перспективасын зерттеу. Сарапшылар «Бүгінгі таңда блокчейн жобалары инвестиция тарту үшін жоғары әлеуеті бар тұрақты бизнес пе?» деген маңызды сұраққа жауап беруге  ұмтылады.


Еске салсақ, алғашқы Kazakhstan Blockchain Day елордада 2021 жылдың желтоқсан айында Astana Hub алаңында өтті. 2023 жылы форумды Алматы қаласының әкімдігін және қаланың Цифрландыру басқармасы, Қазақстандық блокчейн технологиялар қауымдастығы (КАБТ), АХҚО Tech Hub, MOST бизнес-инкубаторы, Caspianex криптобиржасымен, MasterCard, Big One компаниясы, сондай-ақ White hill Capital басқарушы компаниясының серіктестігі ұйымдастырды.


Форумға кіру тегін. Тіркеу https://clck.ru/33Ljv2 сайты арқылы жүргізіледі. Аккредиттелу үшін БАҚ-тан aidana@mostfund.vc пошта арқылы хабарласуға болады

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #майнинг #индустрия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.