AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда бизнесі зардап шеккен кәсіпкердің өтініші...

Алматыда бизнесі зардап шеккен кәсіпкердің өтінішін қарау мерзімі қысқарды

Әлеумет 25.02.2022, 09:25 1,681
Алматыда бизнесі зардап шеккен кәсіпкердің өтінішін қарау мерзімі қысқарды
Сурет: Sibur.ru

1 айдан 2 аптаға дейін қысқартылды.


Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде кәсібіне шығын келтірілген 3 592 адамнан өтініш түсті. Оның ішінде 85 өтініш кері қайтарылды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«23 қаңтар мен 23 ақпан аралығында Infokazakhstan сайтына алматылық кәсіпкерлерден 1572 өтініш келіп түсті. Алайда өтініштердің кейбірі бірнеше рет қайталанған. Сондықтан, кәсіпкерлер палатасы аудандық әкімдіктермен бірге зардап шеккен кәсіпкерлерді анықтау жөнінде жұмыстар жүргізіп, өтемақы төлеу сомасының қорытындысын шығарды», - дейді ол.



Тексеріс қорытындысы бойынша, 1413 кәсіпкердің бизнесі зардап шеккені анықталды. Оларға келтірілген шығын - 34 316 437 000 тенге.



«Қазіргі уақытта арнайы комиссиямен 755 өтінім қаралды, олар 2,2 млрд теңге. Мемлекеттік бюджетпен 372 өтініш қаралды, ол 1,2 млрд теңге болады», – деді спикер.



Оның айтуынша, өтініштердің 317-і сауда саласына тиесілі. Атап айтсақ зергерлік бұйымдар дүкені, ұялы телефон, киім-кешек және басқасы. Бизнес орталық бойынша 34 өтінім, қоғамдық тамақтану нысандары бойынша 26 өтінім, ломбард – 4, бағалау компаниясы мен лизингті терминалдар бойынша 9 өтінім мақұлданды.



«Мемлекет басшысының Бизнеске жедел көмек көрсету тапсырмасын іске асыру аясында жеңілдетілген тетік бойынша төлем сомасы 10 млн теңгеге дейін ұлғайтылды, сондай-ақ өтінімдерді қарау мерзімі екі есеге - 1 айдан 2 аптаға дейін қысқартылды», – деді Айтуар Қошмамбетов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#бизнес #жәрдем #өтініш #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);