Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 950 гр...

Алматыда бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 950 грант беріледі

Әлеумет 07.04.2022, 03:10 1,180
Алматыда бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 950 грант беріледі
Сурет: Inform.kz

Өтінімдер 1 сәуірден бері қабылдануда


Алматыда бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталды. Оларға жастар (29 жасқа дейін) және халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері үміткер бола алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Грант сомасы 400 АЕК-ке жетеді (1 225 200 теңге).


 Гранттар беру жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халықтың табысын өсіру мақсатында кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаны іске асыру аясында жүргізіледі.



«ШОБ қала экономикасында жетекші орынға ие және мұнда 10 алматылықтардың 6-ы істейді.  Осы жылдан бастап гранттарды сертификатсыз алуға болады. Өтінімдер сәуірден қараша аралығында қабылданады, нақты мерзімдері мен кезеңдерін қосымша хабарлаймыз», – деп атап өтті Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Зафар Аппазов.



Өтінімді ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап business.enbek.kz порталы арқылы беруге болады.


Грант алу үшін мыналар  қажет:


* тіркелген жұмыссыз мәртебесі немесе мерзімі 1 жылдан аспайтын ЖК болуы;


* Алматы қаласында тұрақты, уақытша (1 жылдан кем емес) тіркелу;


* business.enbek.kz порталында тіркелу;


* бизнес-жоспардың болуы.


Үміткерлер бизнес-жоспарды өздері дербес жасайды және Business.enbek.kz. порталына өтінім жібереді. Өтінімдерді қарау мерзімі - 10 жұмыс күні.


Гранттарды комиссияның шешімі негізінде Халықты жұмыспен қамту орталығы береді. Комиссия мүшелері бизнес-жоспарды келесі критерийлер бойынша бағалайды:


-бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі;


- өткізу нарықтарының пысықталуы;


- бизнес-жобаның қаржылық өміршеңдігі;


- кәсіпкерлік дағдылар деңгейі;


- жаңа жұмыс орындарын құру.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#грант #өтінім #бизнес-идея
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.