AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда биыл жазда балаларға арналған жаңа даму ж...

Алматыда биыл жазда балаларға арналған жаңа даму және шығармашылық орталығы ашылады

Алматы 29.05.2026, 16:38 450
Алматыда биыл жазда балаларға арналған жаңа даму және шығармашылық орталығы ашылады
Алматы әкімдігі

Алматыда биыл жазда балаларға арналған жаңа даму және шығармашылық орталығы ашылады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алатау ауданының Саялы шағынауданында балалар мен жастарға арналған заманауи даму және шығармашылық орталығының құрылысы аяқталды. Жаңа нысан ауданның әлеуметтік инфрақұрылымының маңызды бөлігіне айналып, өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына қосымша мүмкіндік береді.

Жалпы аумағы 10 мың шаршы метрден асатын үш қабатты ғимарат екі ауысымда 1350 адамды қабылдауға арналған. Орталықтың құрылысы 2025 жылы басталған. Қазіргі таңда барлық құрылыс және инженерлік жұмыстар толық аяқталып, айналасы көркейтілді. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін 70 тұрақты жұмыс орны ашылады.

Алматының Құрылыс басқармасы өкілдерінің айтуынша, нысан білім беру инфрақұрылымына қойылатын заманауи талаптарға сай салынған.

«Бұл орталық балалар мен жастардың дамуына қолайлы әрі функционалды жағдай жасалған қаланың заманауи білім беру кеңістіктерінің біріне айналады. Мұнда білім беру, спорт және шығармашылық бағыттары қарастырылған», — деді ведомство өкілдері.

Бірінші қабатта 253 орындық көрермен залы, жүзу бассейні, бокс және жекпе-жек залдары, сондай-ақ психолог, логопед және дефектолог кабинеттері орналасқан. Екінші қабатта хореография, бейнелеу өнері, мүсін және қыш шеберлігі сыныптары, музыкалық студия және 3D модельдеу кабинеттері жабдықталған.

Үшінші қабат техникалық және ғылыми шығармашылыққа арналған. Мұнда робототехника және электроника зертханалары, авиа және кеме модельдеу кабинеттері, планетарий, сондай-ақ агромәдениетпен айналысуға арналған бөлмелер орналасады.

Орталық биыл жазда ашылады. Жаңа нысан балалар мен жасөспірімдердің қосымша білімге қолжетімділігін кеңейтіп, олардың шығармашылық, спорттық және ғылыми әлеуетін ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар үйге жақын жерде пайдалы әрі мазмұнды бос уақыт өткізуге жағдай жасайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шығармашылық орталық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);