ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда биыл тоғыз айда 9 мыңнан астам адам атаул...

Алматыда биыл тоғыз айда 9 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды

Әлеумет 09.11.2025, 17:15 352
Алматыда биыл тоғыз айда 9 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды
Алматы әкімдігі
Алматыда аз қамтылған және әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсету және арнайы әлеуметтік қызметтер ұсыну жұмысы жалғасып келеді. 2025 жылдың басынан бері әлеуметтік...

Алматыда аз қамтылған және әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсету және арнайы әлеуметтік қызметтер ұсыну жұмысы жалғасып келеді. 2025 жылдың басынан бері әлеуметтік қорғау саласында қала тұрғындарына 21 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде жәрдемақы рәсімдеу, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету және әлеуметтік қызмет көрсету бар. Бұл туралы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері хабарлады. Егде жастағы азаматтарға, ерекше қажеттілігі бар адамдарға (оның ішінде балаларға) және қиын өмірлік жағдайда қалған тұлғаларға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуге ерекше көңіл бөлініп отыр. Жыл басынан бері шамамен 9 мың алматылық осындай арнайы әлеуметтік қызметтерді пайдаланды. Көмек түрлері стационарлық, жартылай стационарлық жағдайда және үйде көрсетіледі. Биыл атаулы әлеуметтік көмек төлеуге 1,8 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген. Қазіргі таңда 1 819 отбасы, яғни 9 063 адам осы көмекті алып отыр. Бұған қоса, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасыларға балалар тағамы мен тұрмыстық химия тауарларын сатып алуға арналған ай сайынғы төлем беріледі. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығындары белгіленген шектен асып кеткен азаматтарға тұрғын үй көмегі көрсетіліп жатыр. Бұл мақсатқа 2025 жылы шамамен 30 миллион теңге қарастырылған, жүздеген отбасы осы көмекті алды. Сондай-ақ, коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуіне байланысты әлеуметтік жағынан мұқтаж жекелеген санаттағы азаматтарға өтемақы төлемдері беріліп жатыр. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының хабарлауынша, атаулы әлеуметтік көмектің (АӘК) басты мақсаты – тек материалдық жәрдем беру емес, сонымен қатар азаматтардың еңбек белсенділігін арттыруға және отбасыларды өмірдің қиын жағдайынан шығуға ынталандыру. АӘК жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға беріледі. Ол екі түрге бөлінеді: денсаулығына байланысты еңбекке қабілетсіз азаматтарға көрсетілетін шартсыз көмек және отбасының еңбекке қабілетті мүшелері жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысқан жағдайда шартты көмек беріледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,259 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.