AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда биыл мектеп формасы қандай болады?

Алматыда биыл мектеп формасы қандай болады?

Әлеумет 11.08.2023, 08:50 1,384
Алматыда биыл мектеп формасы қандай болады?
Сурет:aqmolanews.kz

Алматы қалалық Білім басқармасы мектеп оқушыларының жаңа оқу жылы қандай форма киетінін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Сонымен ұл балаларға арналған мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, көйлек, күнделікті көйлек. Бұл ретте шалбар кең, ұзындығы тобықты жауып тұруы керек. Қыста тоқылған кеудеше қосуға болады. Галстук классика формасында болуы және негізгіге немесе мектеп формасының түсіне сай болуы керек.


«Биыл мектеп формасына ешқандай өзгеріс енген жоқ. Киім үлгісі классика стилінде, біртұтас қою көк түсте болуы керек», – деді Алматы қалалық білім басқармасы.


Қыздарға арналған мектеп формасы: пиджак, жилет, юбка, сарафан, шалбар, классика стиліндегі блузка. Шалбар да кең болуы керек және ұзындығы бойынша тобықты жабуы керек. Қыста тоқылған кеудеше қосуға болады. Бірақ белдемшенің ұзындығын білім беру ұйымы мен қамқоршылық кеңес белгілейді, содан кейін жалпы мектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі.


Мектеп формасының матасын таңдағанда тозуға төзімділігі жоғары және антистатикалық қасиеті бар жартылай жүнді материалды таңдаған дұрыс.


Аяқкиімге қатаң талаптар жоқ. Ең бастысы - классика стилін ұстану.


«Мектеп формасына түрлі діни ағымдар киімінің элементтерін енгізуге жол берілмейді. Мектеп формасына қойылатын талаптар травматикалық фурнитураға жататын киім мен аксессуарларды тағып, киіп келуді құптамайды», – деп толықтырды Алматы қалалық білім басқармасы.


10 қаңтарда Оқу-ағарту министрі орта білім беру ұйымдарының мектеп формасына қойылатын талаптарға өзгерістер енгізді. Атап айтқанда, қыздарға да, ұлдарға да мектеп формасының элементтеріне түймесі немесе құлпы бар тоқылған жемпір/кардиган, поло жейде немесе футболка қосылды. Сонымен қатар галстук енді оқушы гардеробының міндетті элемент емес.


 


 


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мектеп форма #білім басқармасы #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);