AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда биыл 790 түлек «Алтын белгі» иегері атанд...

Алматыда биыл 790 түлек «Алтын белгі» иегері атанды

Алматы 22.06.2026, 10:26 489
Алматыда биыл 790 түлек «Алтын белгі» иегері атанды
Алматы әкімдігі

Алматыда биыл 790 түлек «Алтын белгі» иегері атанды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы мектептерінде түлектерге аттестат тапсыру рәсімі аяқталды. Биыл қала бойынша 20 803 оқушы мектеппен қоштасса, 30 380 оқушы 9-сыныпты тәмамдады. Бұл туралы Алматы қаласы Білім басқармасының өкілдері мәлімдеді.

Оқу жылының қорытындысында 790 түлек барлық пәннен жоғары нәтиже көрсетіп, «Алтын белгі» төсбелгісіне ие болды. Сонымен қатар 2 083 мектеп бітіруші үздік үлгідегі аттестат алса, 9-сыныпты аяқтаған 2 168 оқушыға үздік аттестат табысталды.

Аттестаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімдері дәстүрге сай күндіз ұйымдастырылды. Бұл түлектердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіпті сақтауға және мектеп мәдениетін нығайтуға бағытталды. Салтанатты жиындарға ұстаздар, ата-аналар, қоғам қайраткерлері, білім саласының ардагерлері мен Қамқоршылық кеңестерінің мүшелері қатысты.

Биылғы түлектер әлеуметтік және қайырымдылық бастамаларға да белсенді қатысты. Олар «Мектепке кітап сыйла» және «Мектепке сый» акцияларын қолдап, аумақтарды көгалдандыруға, ағаш пен гүл егуге атсалысты. Сондай-ақ, әлеуметтік тұрғыдан осал отбасыларға және арнаулы медициналық мекемелерге қолдау көрсетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#алтын белгі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);