Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда биыл 100-ден астам ескі тұрғын үй жаңарад...

Алматыда биыл 100-ден астам ескі тұрғын үй жаңарады

Әлеумет 19.04.2023, 09:30 714
Алматыда биыл 100-ден астам ескі тұрғын үй жаңарады
Сурет: Almaty.tv

Мегаполисте жоба аясында 2 мыңға жуық ғимараттың жеделсатысы ауыстырылған


Алматыда биыл 100-ден астам тұрғын үй жаңарады. Бірнеше жылдан бері жөндеу көрмей, тозығы жеткен баспаналар жаңаша түрге енеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Мемлекеттік бағдарлама аясында үйдің қасбетін жаңарту, инженерлік желілерін ауыстыру және жертөле мен кіреберісіне күрделі жөндеу жүргізу қарастырылған. Ол үшін қаржы несиелік жүйемен беріледі. Қомақты қаражатты 8 жылдан 15 жылға дейін бөліп төлеуге болады. Бастысы - пайызсыз. Яғни, тұрғындар алдымен мемлекет қаржысына үйлерін жөндеп, кейіннен оны аз мөлшерде бөліп төлеу арқылы қайтарады.



«Бастапқыда біз тұрғындармен үйдің шатырын жөндеуге келіскенбіз. Кейіннен мемлекеттен берілетін қаржы арқылы үйді толығымен жаңартуға болатынын білдік. Сөйттік те, бірден келістік. Үйдің сыртын бояйтын түсті де өзіміз таңдадық. Ай сайынғы төлемі де тиімді. Әркім өзі тұратын пәтерінің шаршы метріне қарай әртүрлі төлейді. Шамамен 5- 7 мың теңге аралығында. Ол ай сайын коммуналдық төлеммен бірге келіп отырады», – деді қала тұрғыны Елена Умекенова.



Айта кетейік, бағдарлама 2011 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Бүгінге дейін мегаполисте осы жоба аясында 965 көп қабатты тұрғын үй жаңартылып, 2 мыңға жуық ғимараттың жеделсатысы ауыстырылған. Салаға жауапты басқарма мамандарының хабарлауынша, биыл күрделі жөндеу жүргізуге 83 тұрғын үй өтінім берген.



«Тұрғындардан сұраныс әлі де қабылданып жатыр. «Алматы» тұрғын үй жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барып, құжатын тапсыра алады. Кейіннен өздерімен бірлесіп, жиналыс жасаймыз. Күрделі жөндеу жұмыстары өздері қалағандай жасалады. Оны жасаған мердігер компания өкілдері 2 жылға дейін кепілдік береді. Осы уақыт аралығында қандай да бір ақау болса, оны өз қаражатына жөндеп беруге міндеттеледі», – деді Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұрбол Қажин.  


Телеграм арнаға жазылыңыз
#үй #жөндеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.