Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда бітімгерлер бейбіт тұрғындарды кешенді қо...

Алматыда бітімгерлер бейбіт тұрғындарды кешенді қорғау мәселелерін зерделеп жатыр

Әлеумет 19.06.2024, 18:45 667
Алматыда бітімгерлер бейбіт тұрғындарды кешенді қорғау мәселелерін зерделеп жатыр
Сурет: Gov.kz

Бітімгерлік операциялар орталығында еліміздің Қорғаныс, Төтенше жағдайлар министрліктері мен Ұлттық ұланның, сондай-ақ Германия, Иордания, Қытай, Тунис, Түркия және Франция Қарулы күштерінің әскери қызметшілері БҰҰ-ның «Бейбіт тұрғындарды кешенді қорғау» халықаралық сертификатталған курсынан өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

Сабақтар презентациялық түрде, әрі бейнематериалдарды қолдану арқылы ағылшын тілінде өтуде. Онда тыңдаушыларды БҰҰ бітімгерлік операцияларындағы бейбіт тұрғындарды қорғау тұжырымдамасының негізгі ережелерімен таныстырып, әлеуметтік осал топтардың қауіпсіздігін жоспарлау, ұйымдастыру және қамтамасыз ету кезіндегі жұмыс тәртібіне түсініктемелер береді.

– Қарулы қақтығыстарда бейбіт тұрғындар арасынан да құрбан болатындар аз емес. Сондықтан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі БҰҰ миссияларына қатысуды жоспарлап отырғандар үшін өтуі қажет осы оқыту курсын енгізді, – деп түсіндірді курс жетекшісі - орталықтың бітімгерлік дайындық басқармасының офицері майор Серік Жұмабеков.

Дайындық барысында орталық нұсқаушылары мен БҰҰ құрылымдарының мамандары аралас сценарийлер арқылы мәселелерді шешуді пысықтайды. Олар сонымен бірге топ құрамында әртүрлі жағдайларда туындайтын проблемалық мәселелерді талқылап, содан кейін пленарлық отырыстарда оларды шешу жолдарын қарастырады. 

– Бітімгерлер көбінесе қатал климаттық жағдайларда және шектеулі ресурстар шеңберінде бейбіт тұрғындарды қорғауды қамтамасыз етеді, – деп атап өтті БҰҰ-ның екі миссиясында жұмыс тәжірибесі бар жеке дайындық қызметінің бастығы майор Арман Тастанбеков. – Сонымен қатар тез өзгеретін ортада қауіпсіздік тұрғысынан тәуекелдер пайда болады. Біз мұның бәрін білім алушыларға жеткіземіз.

Сабақ барысында тыңдаушылар қарулы қақтығыстардағы адам құқықтарының бұзылу түрлерімен танысып, гуманитарлық көмек көрсету үшін қолайлы жағдайлар жасау аспектілерін, сондай-ақ күш-қуат қорғанысын қамтамасыз ету және азаматтардың түрлі зорлық-зомбылық түрлерінен қорғау қағидаттарын зерделейді

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қорғаныс министрлігі #Бітімгерлер #Бейбіт тұрғындар #қорғау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.